Елордамызда қаржы әлеміндегі ең басты оқиғалардың бірі – Astana Finance Days 2023 атты конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараға танымдық турға қатысушы Бразилия қонақтарымыз белсене ат салысты. «AFD: қаржы нарығының алдыңғы қатарында» конференциясы 70-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушыларды жинақтады. Атап айтсақ, мемлекеттік орган өкілдері, қаржы индустриясы және экономика саласындағы сарапшылар, инвесторлар, бизнес пен ірі халықаралық банктердің басшылары, мұнай-газ компаниялары және т.б.