9 июня, 2023 - 18:34
Журналист Фабиана Джейхан мен оператор Ясмина Джейханға арналған тур бағдарламасы мазмұнды әрі қызыққа толы. Қонақтарымызға ресми қабылдаулар мен кездесулерден кейін елордамыздың ең көрікті жерлері көрсетілді.
Астана қаласында көптеген заманауи сәулет ескерткіштері бар. Олардың көпшілігі қаланың көрнекті орнына айналған сулы-жасыл бульварда орналасқан.
Серуен «Ақорда» президент резиденциясынан басталып, «Хан—Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығына дейін жалғасты. Бульвар өзіндік осьті құрайды, оның бойында Астананың заманауи сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштері орналасқан. Мысалы, Еуразияның географиялық орталығы болып саналатын футуристік Бәйтерек монументі орналасқан.
Тағылымдама Бразилия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастың 30 жылдығына арналған. Сонымен қатар, шараны ERG (Eurasian Resources Group) қолдауымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі ұйымдастырды.
Ақбота Қазкенова