Назарларыңызға Қазақстанның аймақтағы журналистерінің мәселелеріне шолуды ұсынамыз. Біз еліміздің барлық өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізілген соң, олардың жұмысында не өзгергенін, журналистиканың дамуына не кедергі болатынын, заңдардың қалай жұмыс істейтінін білдік. Шолуда ақпаратқа қол жеткізу, диффамация, интернет-реттеу, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру, өшпенділік тілі, өз бейнесіне құқық секілді 13 тақырып бойынша журналистердің пікірі, сонымен бірге, ұсыныстар мен Қазақстан медиасындағы жағдайға жалпы сипаттаманы біле аласыздар. Мәтін қазақ және орыс тілдерінде жарияланып отыр.