Біз жаңа білім алғысы келетін жас белсенділерді, ҮЕҰ өкілдерін, блогерлерді онлайн-активизм, құқықтық негіздер, ақпаратпен жұмыс істеу және деректерді визуализациялау бойынша жобаға қатысуға шақырамыз. Қатысушылар вебинарларға қатысып, адвокациялық кампания идеяларын әзірлеп, тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен іске асырып, бағалы жүлделерге ие бола алады.