Сөз бостандығы – құқықтық қорғаныссыз мүмкін емес. Журналист қысымға, қорқытуға немесе құқықтық белгісіздікке тап болғанда, оған қолдау қажет. Сондықтан екі жыл бұрын біз Media Qoldau атты құқықтық қызметті іске қостық. Мақсатымыз – медиа саласының өкілдеріне өз құқықтарын сенімді түрде қорғауға көмектесу. 2023–2025 жылдардағы Media Qoldau жобасының қорытындысын ұсынамыз. Осы екі жыл ішінде біз журналистерден, редакциялардан, блогерлерден, студенттерден және ҮЕҰ өкілдерінен 656 өтініш қабылдадық.