ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 3- ШІ КҮНІ
21 мая, 2023 - 22:01
ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 3- ШІ КҮНІ
Автор: Администратор
659

Мамыр айының 31-ші жұлдызында құқықтық медиа орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында Тәжікстанның баспасөз қызметкерлері үшін  танымдық тур өтті. 3 - ші кезеңмен жалғасын тауып жатқан аталмыш кездесу Internews Kazakhstan қолдауымен жүзеге асуда. 

 

  Бүгінгі іс-шараның спикері MIOR жанындағы коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі  Махаббат Еспанова. 

 

Баяндамашы “ Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. 

 

  Екінші спикеріміз - Елдос Жұмақсанов. Ол – 16 жылдық тәжірибесі бар судья, заң ғылымдарының кандидаты, Сот төрелігі академиясының доценті. Қатысушылармен бірден тіл табысқан баяндамашы азаматтық процестің қағидаттары, сот сатылары, қоғаммен және БАҚ-пен өзара байланыс тақырыптарын қозғады. 

 

  Қонақтарымыз талқылау арқауына айналған мәселені жан - жақты саралап, өздерінің ой - пікірлерін ортаға салды. Жүздесу барысында түрлі сауалдар қойылып, әсерлі әңгіме , сырлы сұхбатқа ұласты.

 

 

 

 

Акбота Казкенова