21 мая, 2023 - 22:01
Мамыр айының 31-ші жұлдызында құқықтық медиа орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында Тәжікстанның баспасөз қызметкерлері үшін танымдық тур өтті. 3 - ші кезеңмен жалғасын тауып жатқан аталмыш кездесу Internews Kazakhstan қолдауымен жүзеге асуда.
Бүгінгі іс-шараның спикері MIOR жанындағы коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Махаббат Еспанова.
Баяндамашы “ Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Екінші спикеріміз - Елдос Жұмақсанов. Ол – 16 жылдық тәжірибесі бар судья, заң ғылымдарының кандидаты, Сот төрелігі академиясының доценті. Қатысушылармен бірден тіл табысқан баяндамашы азаматтық процестің қағидаттары, сот сатылары, қоғаммен және БАҚ-пен өзара байланыс тақырыптарын қозғады.
Қонақтарымыз талқылау арқауына айналған мәселені жан - жақты саралап, өздерінің ой - пікірлерін ортаға салды. Жүздесу барысында түрлі сауалдар қойылып, әсерлі әңгіме , сырлы сұхбатқа ұласты.
Акбота Казкенова