ЗИЯНДЫ МЕДИА ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛАЙЫҚ/МЕДИА САУАТҚА АРНАЛҒАН 50 КЕҢЕС
6 марта, 2023 - 17:32
ЗИЯНДЫ МЕДИА ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛАЙЫҚ/МЕДИА САУАТҚА АРНАЛҒАН 50 КЕҢЕС
Автор: Администратор
185
Источник иллюстрации: perceptionvita.com
«Қазақстан Медиа желі» қоғамдық қоры «Меняем вредные медиапривычки /50 советов по медиаграмотности» / Зиянды медиа әдеттерден арылайық/ медиасауатқа арналған 50 кеңес атты жобаны қолға алды.
 
Біздің жобамыз кез келген жастағы адамға және әр аймақтың тұрғындары үшін дайындалып отыр: кім де кім медиа тұтыну жолында зиянды медиа әдеттерден арылуды мақсат етсе, өзін және жақындарын БАҚ-тың біржақты ақпарат таратуынан, кибер алаяқтардан, өшпенділік тілі мен күш қолдануды насихаттаудан, манипуляция мен дезинформациядан құтылуды көздесе, біздің жобамызға назар аударғаны жөн.
 
Біздің сарапшылар мен тренерлер медиасауат, медиаэтика және медиақұқыққа қатысты  50 кеңес береді.
 
Біздің жобамыз  - роликтер, әлеуметтік желідегі постар, мақалалар, журналистер мен инфлюенсерлердің флешмобынан тұратын ақпараттық кампания. Осы мақсатта медиасауатқа арналған жаңа білім платформасы құрылып жатыр. Онда тренинг бағдарламалары, тест, куиз сұрақтары, 5 анимация, 10 видеоролик, 5 подкастар сериясы, мақалалар мен медиасауат сабақтарына арналған материалдар, сондай-ақ, медиасауат, медиаэтика және медиақұқық жөніндегі сарапшылардың вебинарлары орналастырылмақ.
 
Біз медиасауатқа қатысты онлайн және офлайн тренингтер, медиасауатты мектепте оқытудың методикасы жөнінде мектеп мұғалімдеріне арналған тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Жоба барысында «Медиа және ақпараттық сауат» мектеп пәні бойынша барлық облыс, қала және ауыл мұғалімдеріне арналған онлайн және офлайн тренингтер де жоспарланып отыр. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда ересектер арасында 20 куиз өткізілмек.
 
Жоба Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде басталып, алғашқы куиздер студент аудиторияларында өтті. Сондай-ақ, Ақтау қаласында заманауи MediaQuiz ұйымдастырылып, оған журналистер, блогерлер, ҮЕҰ жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқытушылар қатысты.
 
"Медиасауатты дамыта отырып, біз тұтынушылардың медианы саналы түрде тұтыну мәдениетін қалыптастыруды көздейміз. Бұл дегеніміз, дезинформация сыналып, этикалық журналистика марапатталады деген сөз. Бұл біздің ұйымның даму мақсатымен сай келеді», - деді «Қазақстан Медиа желі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева.
 
Жобаны Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік» (REVIVE) жобасының аясында Еуроодақ қолдап отыр.
 
Біздің жоба жайында ақпарат таратсаңыз төмендегі хэштегтерді пайдалануды ұсынамыз: #текмедиасауат #толькомедиаграмотность #tekmediasauat #REVIVE_CA #EUinKazakhstan #EU4Kazakhstan #REVIVE_CA #EUForeignPolicy
 
Толығырақ ақпарат үшін жоба жетекшіс Бақтыгул Бурбаеваға хабарласуларыңызды сұраймыз:  Байланыс нөмірі:  +7 777 213 1367