ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «MEDIA QOLDAU» ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
10 марта, 2023 - 13:13
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «MEDIA QOLDAU» ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Автор: Администратор
251

«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қоры «Қазақстанның еркін ақпараттық кеңістігі: БАҚ пен ҮЕҰ әлеуетін күшейту арқылы адам құқықтарын ілгерілету»  жобасы аясында Еуропалық  Одақ (ЕО) қаржыландыратын «Media Qoldau» заң қызметін іске қосты.

Сервис журналистерге, блогерлерге және азаматтық белсенділерге медиа-тақырыптар бойынша кеңес беруге арналған. Ол тақырыптар: ақпаратқа қол жеткізу, аккредиттеу, диффамация, цифрлық құқықтар, БАҚ-ты тіркеу және құру, авторлық құқық, өз бейнесін қорғау құқығы және т.б. «Media Qoldau» дауларды сотқа дейін реттеуге және сот істерін шешуге де көмек көрсетеді. Медиа сарапшылармен тікелей эфирлер Instagram парақшасында ұйымдастырылады, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар үнемі сол жерде жарияланады.

«Біз журналистер, блогерлер және азаматтық белсенділердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруды көздейміз. Бұл әсіресе қазіргі таңдағы  журналистерге шабуыл жасалу, қысым көрсетілу, ақпаратқа қолжетімділік шектеліп, БАҚ сотқа дейінгі талаптарды үнемі алып отыратын кезде өте маңызды болып табылады», – дейді «Media Qoldau» басшысы Гүлмира Біржанова.

Кеңес алу үшін:

Пошта: mediaqoldau@gmail.com;

Instagram: instagram.com/lmc.kz

Facebook: facebook.com/lmc.kz

Қоңыраулар үшін: + 7 7172 42 44 32

 

Источник: Tilshi.kz