ЖӘМИЛАНЫҢ ОРНЫНДА СІЗ ДЕ БОЛУЫҢЫЗ МҮМКІН!
3 июня, 2024 - 10:36
ЖӘМИЛАНЫҢ ОРНЫНДА СІЗ ДЕ БОЛУЫҢЫЗ МҮМКІН!
Автор: Администратор
79

 

ЖӘМИЛАНЫҢ ОРНЫНДА СІЗ ДЕ БОЛУЫҢЫЗ МҮМКІН!

«Құқықтық медиа орталығы» Қазнеттің барлық пайдаланушыларын Жәмила Маричеваға қатысты сот шешіміне қарсы акцияны қолдауға шақырады.

Журналиске «қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жағдай жасайтын жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айыппұл салынды. «Қауіпті» ақпарат жөнінде осы жазбада толығырақ.

Журналист аккредитация берілмеген әріптестерін қолдауға тырысты.

Әрине, бұл жазба қоғамдық тәртіпке ешқандай әсер етпейді. Ешкімнің де құқығын бұзбайды. Алайда, бұл шешім КЕЗ КЕЛГЕН интернет қолданушысына әлеуметтік желіде дәлелденбеген шағын жазбасы үшін айыппұл салуға болатынын білдіреді. Бұл абсурд әрі қауіпті, өйткені, мұндай тәжірибе заңдарымызға қайшы және ақылға қонымсыз ғана емес, сонымен бірге барлық халықаралық стандарттарға керағар.

4 маусым күні сағат 11:15-те апелляциялық шағым қаралады (Media Qoldau құқықтық қызметі адвокат Әсел Тоқаевамен бірлесіп қолдау көрсетеді) және оған Сіздердің де қатысуларыңыз біз үшін өте маңызды! Осы жазбаны бөлісіңіз және журналиске қолдау көрсетіңіз! Оның орнында КЕЗ-КЕЛГЕН сәтте БІЗ де болуымыз мүмкін!

#protenge #promaricheva #provsehnas

 

БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін құқықтық мәселелер бойынша кеңестер.

Кеңес алу үшін mediaqoldau@gmail.com электронды поштасына немесе +7 7172 424 432 нөміріне сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін хабарласуға болады.