ТӘЖІКСТАННЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 4-ШІ КҮНІ
1 июня, 2023 - 20:50
ТӘЖІКСТАННЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 4-ШІ КҮНІ
Автор: Администратор
172
Маусым айының алғашқы күні Астана қаласында Тәжікстанның баспасөз қызметкерлері үшін өткізіліп жатқан танымдық тур өз жалғасын табуда. Іс - шараның 4-ші күні қатысушылар үшін қызықты өтті. 
  
  Қонақтарымызға коммуникация және PR маманы Аида Досева баяндама оқыды. Аталмыш саланы жетік меңгерген спикеріміз « Стратегиялық және дағдарысқа қарсы коммуникациялар » атты тақырыпты қозғады.  Кездесу барысында аудитория арасында ашық әңгіме өрбіді. Бүгінгі күннің маңызды әрі өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. 
 
  Жоғарыда аталған іс- шаралар өз мәресіне жеткен соң, қонақтарымыз ҚР Парламенті Мәжілісінде кездесті. Кездесу барысында қатысушылар депутат Смышляева Екатерина Васильевнаға толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар,  ұсыныстарын айта отырып, өз ойларын ортаға салды. 
 
  Айта кетейік, шара құқықтық медиа орталығының ұйымдастыруымен және Internews Kazakhstan қолдауымен жүзеге асырылды.
 
 
 
 
 
 
Акбота Казкенова