

Третьего мая весь мир отмечает Всемирный день свободы прессы - важный день, напоминающий о значении свободной, независимой и честной журналистики.
В этот день мы выражаем поддержку всем журналистам, блогерам, правозащитникам и гражданским активистам, которые, несмотря на риски и давление, продолжают отстаивать право общества на информацию и свободу выражения мнений.
К сожалению, мы продолжаем фиксировать случаи давления на представителей СМИ, ограничений в доступе к информации, применения правовых инструментов для ограничения свободы слова. В этом году немало казахстанских журналистов подверглись давлению и репрессиям: Данияр Адилбеков, Лукпан Ахмедьяров, Сандугаш Дуйсенова, Темирлан Енсебек, Руслан Бекетов, Думан Мухаммедкарим, Асхат Ниязов, Асем Жапишева, Жания Уранкаева и другие. Эти тенденции вызывают тревогу и требуют системного пересмотра подходов к регулированию информационного пространства.
Свобода слова - не угроза, а опора сильного общества. Мы призываем уважать и защищать право на свободу выражения мнений, прекратить административные и уголовные преследование журналистов за их профессиональную деятельность, обеспечить доступ к информации и создать условия, при которых СМИ смогут работать свободно и без цензуры.
Свободное слово - это основа диалога, подотчётности и уважения прав человека. В этот день мы выражаем солидарность со всеми, кто защищает это право - в редакциях, в судах, на улицах и в цифровом пространстве!
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА-ОРТАЛЫҚ: СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ – ҚАУІП ЕМЕС, ҚУАТТЫ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ
Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орай мәлімдеме
Үшінші мамыр бүкіл әлемде Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні аталып өтетін маңызды күн.
Бұл күн – еркін, тәуелсіз және адал журналистиканың маңыздылығын еске салады. Бүгін біз тәуекелдер мен қысымдарға қарамастан қоғамның ақпарат алу және пікір білдіру құқығын қорғауды жалғастырып жүрген журналистерге, блогерлерге, құқық қорғаушыларға және азаматтық белсенділерге қолдау білдіреміз.
Өкінішке қарай, біз бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қысым көрсетілуі, ақпаратқа қол жеткізу шектелуі, сөз бостандығын шектеу үшін құқықтық құралдардың қолданылуы сияқты жағдайларды тіркеуді жалғастырып келеміз. Биыл Қазақстанда Данияр Әділбеков, Лұқпан Ахмедияров, Сандуғаш Дүйсенова, Темірлан Енсебек, Руслан Бекетов, Думан Мұхаммедкәрім, Асхат Ниязов, Әсем Жәпішева, Жания Ұраңқаева және басқа журналистер қысым мен қуғын-сүргінге ұшырады. Бұл үрдіс алаңдаушылық тудырады және ақпарат кеңістігін реттеуге қатысты тәсілдерді жүйелі түрде қайта қарауды талап етеді.
Сөз бостандығы – бұл қауіп емес, қуатты қоғамның тірегі. Біз пікір білдіру бостандығы құқығын құрметтеуге және қорғауға, журналистерді кәсіби қызметі үшін әкімшілік және қылмыстық қудалауды тоқтатуға, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге және БАҚ-тың еркін әрі цензурасыз жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырамыз.
Еркін сөз – бұл диалогтың, есептіліктің және адам құқықтарына құрметтің негізі. Бүгінгі күні біз бұл құқықты қорғап жүрген барлық адамдармен – редакцияларда, соттарда, көшелерде және цифрлық кеңістікте – бірлікте екенімізді білдіреміз!