«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА РАДИКАЛИЗАЦИЯ МЕН ДЕЗИНФОРМАЦИЯҒА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ КҮШЕЙТУ» ЖОБАСЫ
9 июня, 2020 - 13:08
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА РАДИКАЛИЗАЦИЯ МЕН ДЕЗИНФОРМАЦИЯҒА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ КҮШЕЙТУ» ЖОБАСЫ
Автор: Администратор
178

«Орталық Азияда радикализация мен дезинформацияға тұрақтылықты күшейту» жобасы

БІТІМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МЕКТЕБІ

«Құқықтық медиа орталық» ҚҚ Тараз қаласы мен өңірінде журналистер мен блогерлер арасында «Орталық Азияда радикализация мен дезинформацияға тұрақтылықты күшейту» жобасы аясында Бітімгершілік және коммуникациялар медиа мектебіне конкурс жариялайды. Жобаны Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Интерньюс ұйымы жүзеге асырады.

Медиа мектебінің міндеті – баспа, ТВ және интернет-БАҚ журналистерін даулы-сезімтал мәселелерді жариялау, цифрлы және физикалық қауіпсіздік, сонымен бірге әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, зорлық эктремизмге қарсы әрекет ету сарапшыларымен серіктестік орнату, зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік органдарға тиесілі ақпаратқа қол жеткізу, жауынгер-лаңкестердің отбасыларымен байланысты мәселелерді жариялаудағы журналистік этика нормалары, ақпарат көздерін сақтау және т.б. дағдыларына үйрету.
Оқытудың мақсаты – жағдайды ушықтырмай дауларды жариялауға қажетті білім беру. Тренинг қатысушылары зорлықсыз жолдар арқылы дауды болдырмауға ықпал ететін білім алады.

Оқу саты бойынша өтеді:
1 саты – Тараз қаласында 2020 жылдың 18-20 маусымына әлеуетті арттыру үшін бастапқы бағдарлама.
2 саты – менторлық қолдау бойынша медиа өнім әзірлеу.
3 саты – 7-9 шілдеде Тараз қаласында оқудың жалғасы
4 саты - менторлық қолдау бойынша медиа өнім әзірлеу.

Бағдарлама қатысушылары конкурс негізінде анықталады. Ол үшін өтінішпен бірге осыған дейін жарияланған материалды жолдау керек. Өтініш бағаларының қорытындысы бойынша 15 қатысушы іріктеледі. Тараз қаласының тұрғындары үшін қатысу тегін. Басқа елді мекен журналистері мен блогерлері қатыса алады, бірақ жол және тамақтану шығындары өтелмейді. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар тренинг бағдарламасының басынан аяғына дейін қатысу және менторлық бағдарлама аясында кемі екі материал даярлауға міндеттеме алады.

Тренерлер мен сарапшылар:
• Айнур Коскина – журналист, даулы-сезімтал журналистикасы бойынша тренер.
• Марат Садықов – продюсер, журналист, оператор-монтажер, мобильді журналистика бойынша тренер.
• Гүлназ Раздыкова – «Конфессияаралық қатынастарды сараптау және дамыту орталығы» директоры, діни қауіпіздік жөніндегі сарапшы, сот сараптамашысы, психолог-практик.
Қатысушыларға сонымен бірге әлеуетті күшейту үшін контент өндіруге грант алуға конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі.
Өтінішті байланыс мәліметтері мен қызығушылық туралы хатпен https://www.lmc.kz/ru/content/podat-zayavku сілтемесі бойынша немесе mediastana@gmail.com мекенжайына 2020 жылдың 15 маусымына дейін жолдауға болады.
Қосымша ақпараттар үшін 8 7172424432 телефонына хабарласуға, mediastana@gmail.com поштасына хат жолдауға болады.