НАЗАРБАЕВТЫ МАДАҚТАҒАНЫ ҮШІН 40 МЛН ТЕҢГЕ: «ХАБАР» АҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ ҚАНДАЙ МАҚСАТҚА ЖҰМСАЙДЫ
24 января, 2024 - 13:11
НАЗАРБАЕВТЫ МАДАҚТАҒАНЫ ҮШІН 40 МЛН ТЕҢГЕ: «ХАБАР» АҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ ҚАНДАЙ МАҚСАТҚА ЖҰМСАЙДЫ
Автор: Администратор
78

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа жыл сайын миллиардтаған қаржы жұмсалады. Алайда олардың қаншалықты тиімді жұмсалатыны құпия. Orda.kz қолына Жоғары аудиторлық палатаның құжаты түсті. Бұл құжатқа сәйкес «Хабар» холдингінің өкілдері туған аға-інілерінің фирмаларымен миллиондаған қаржыға келісімшарт жасаған және синопсиске сай келмейтін фильмдер түсірген. Басқа да бұзушылықтар туралы және «Хабардың» басшылығының өзі бұл туралы не ойлайды – осы материалда.

АПЕЛЬСИНДІ БӨЛІСКЕН

Қазақстанда «мемлекеттің ақпараттық саясаты» тұжырымымен белгілі отандық БАҚ-ты «қолдаудың» ерекше түрі заңнамалық деңгейде бекітілген. Бұл қолдаудың аясында мемлекеттік ұйымдар белгілі бір БАҚ-тарға бюджеттен және мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мақсатты субсидиялар бөледі.

Таң қаларлығы, бұл өте көп қаржы болғанына қарамастан мемлекеттік тапсырманы бөлу конкурстық рәсімдерсіз өтеді. Мысалы, 2019 жыл мен 2021 жылдар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты орындауға 153 млрд теңге қаржы бөлінген.  Оның 12 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған.

Бұндай қорытындыға ҚР Есеп комитеті (Жоғары аудиторлық палата) келген. Аудиторлардың есебі құпия және «қызметтік пайдалану үшін» деген белгі қойылғанын айта кету керек.

құжаттың скрині

Есепті «Правовой медиацентр» басшысы Диана Окремова жария қылды, https://orda.kz/rossijskaja-propaganda-za-schet-kazahstana-kak-nasha-strana-potratila-milliardy-na-kontent-rf-379917/  Orda.kz қолына түскен құжатқа сәйкес, елімізде 3600-ден астам БАҚ тіркелгеніне қарамастан мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаржының 80% Ақпарат министрлігіне бағынысты үш ұйымның қалтасына түскен.

  • «Қазақстан» АҚ — 69 млрд теңге (42,4 %),
  • «Хабар» АҚ — 51 млрд теңге (31,4 %),
  • «Қазтелерадио» — 9 млрд теңге (5,6 %). 

Осыдан бұрын Orda.kz «Қазақстан» АҚ мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаржының 4 млрд теңгесін Ресей контентіне шығындағанын талдаған еді. Бұл туралы “Мінбер” сайты да жазған.


фото: Khabar.kz

Тендердің екінші ірі жеңімпазы – «Хабар» АҚ. Медиа басшылығы Orda.kz бөлінген қаржының бір миллиардқа артық болғанын айқындады. Осылайша холдинг 52 млрд теңге жұмсаған.

  • 7 млрд теңге – «Қазтелерадио» АҚ, «Қазмедиа орталығы» УК» ЖШС қызметтерін төлеу және коммуналдық қызметтерін төлеуге;
  • 16,6 млрд теңге – еңбекақы төлеуге, салықтық және бюджетке басқа да міндеттемелерді төлеуге;
  • 17,7 млрд теңге – контент сатып алу үшін.

Аудиторлар «Хабар» АҚ-на мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының жылдан жылға өсіп отырғанын атап өтеді, бірақ телеарнаның рейтингі жоғарыламаған.

«TNS Central Asia» ЖШС зерттеуінің нәтижесі бойынша ҚР аумағында өлшенетін барлық арналардың ішінде «аудитория үлесі» көрсеткіші бойынша 2019 жылдан 2021 жылға дейін 10-орында тұр, ал QAZAQSTAN телеарнасы өз позициясын сегізіншіден (2018 жылы) төртінші орынға көтеріліп, жақсартты», – деп жазады ревизорлар.

Ағасы інісі үшін

«Хабар» АҚ өзінің тарихын 1995 жылы бастады. 28 жыл ішінде агенттік «Хабар», Kazakh TV, «Хабар 24» және EL ARNA сияқты төрт телеарнасы бар ірі телеотбасыға айналды.

Мәтінге сай холдингтің ресми сайтында телеарналардың соңғысы танымдық-сауықтыру бөлімі үшін жауап береді.  Дәл осы себеппен 2020-2021 жылдары Білім және ғылым министрлігі (2022 жылдан Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайта ұйымдастырылды – автор) пандемия кезеңінде мектеп оқушылары үшін телесабақтар дайындауға EL ARNA-мен келісімшарт жасасты.


фото: El arna

Холдинг, өз кезегінде екі қосалқы мердігер ұйыммен 613,8 млн теңгеге келісімшарт жасаған, олар мектеп оқушыларына арналған материаларды өндірумен айналысуы қажет болған.

«Хабар» АҚ келесі компаниялармен келісімшарт жасасқан:

  • «Жана apramediagroup» ЖШС — 252,3 млн теңге қаржыға;
  • «Алтын-Бек» ЖК— 361,5 млн теңге қаржыға.

Аудиторлар осы келісімшартты жасағанға дейін «Алтын-Бек» ЖК аудио- және видеоконтент өндірісінде тәжірибесі болмағанын атап айтады.

Алайда ең қызығы, ЖК құрылтайшысы Қанатбек Алтынбекұлы – «Хабар» АҚ-ның стартегиялық даму және медиа жоспарлау департаментінің бұрынғы директоры Болатбек Алтынбекович Баймешовтың туған ағасы болуы.

«Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады. Мысалы, есеп мәтінінде:  «Хабар» АҚ «Алтын-Бек» ЖК-мен осы қызметтерге «под ключ» келісімшарт бола тұра, телесабақтар өндірісіне қатысқан оқытушылардың, сарапшылардың, шығармашылық персоналдың, түсірілім тобының қызметтері үшін 166,4 млн теңге қаржыға негізсіз төлем жүргізген» делінген.


фото: Khabar.kz

Бұл ретте холдингте ревизорлардың ЖК міндеттемелері туралы қорытындысы шындыққа сәйкес келмейді деп сендіреді.

«Алтын-Бек» ЖК міндеттемелерінде телевизиялық сабақтар өндірісін шығармашылық және өндірістік-техникалық персоналмен, материалдық жабдықтаумен қамтамасыз ету қарастырылған, ал «Хабар» АҚ міндеттемесіне – педагогтармен, сарапшылармен, редакторлармен қамтамасыз ету қарастырылған», бұл холдигтің Orda.kz. ресми сауалына берген жауабы.

Алайда Хабар Баймешов пен Алтынбекұлының туысқандығын жоққа шығармады. Сонымен қатар, олар «Алтынбекұлы» ағайындыларымен енді серіктестік қарым-қатынасы жоқ екенін мәлімдеді.


фото: Khabar.kz

Осыған қоса «Хабардың» өкілдері Баймешовтың лауазымына қарамастан, лауазымды тұлға болып табылмайтынын және бюджетті бөлу туралы шешімді қабылдамайтынын айтып сендірді.

«Еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде Баймешов лауазымды тұлға болған жоқ. Лауазымды тұлғалар директорлар кеңесінің және қоғамның басқармасының мүшелері бола алады. Стартегиялық даму және медиа жоспарлау департаменті директорының лауазымдық міндеттеріне қоғамның лауазымдық тұлғаларының шешім қабылдауына ықпал ететін басқару басқару функцияларын орындау кірмейді», деп жауап берді холдинг.

Бірақ мемлекеттік сатып алулар сайтында Болатбек Баймешовтың белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік ақшаны кім алатыны туралы тікелей шешімді қабылдайтын конкурстық комиссия мүшесі ретінде көрсетілетінін байқауға болады.


мемлекеттік сатып алулар сайтынан

НАЗАРБАЕВТЫ МАҚТАУҒА БЮДЖЕТТЕН  40 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ?

«Алтын-Бек» ЖК аудиторлардың есебінде бір рет қана көрсетілмеген.

Тағы бір бұзушылықты ревизорлар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы “Строитель независимости» / «Человек эпоха: дальше и выше мечты” атты фильмді түсіру кезінде анықтаған.


фото: aqorda.kz

«Хабар» АҚ-мен жасаған келісімшартқа сәйкес фильмді дайындауға бюджеттен 40 млн теңге жұмсалған. Оның ішінде:

  • 17,4 млн теңге — қаламақыға;
  • 3,2 теңге — жабдықты жалға алу;
  • 11 млн тенге — өндірістік шығындар;
  • 8,4 млн тенге — түсірілім тобының шет мемлекеттерге іссапар шығындары (тоғыз адам)

Сметаға, әсіресе фильмді көргеннен кейін екі сұрақ туындайды: неге осынша көп қаржы бөлінген және 8,4 млн теңге қаржыға түсірілім тобы қайда барды? Фильм архив кадрларынан және жеті қазақстандық қоғам қайраткерінің пікірінен тұрады емес пе. Бірақ «Хабар» акционерлік қоғамы бұған қынжыла қоймады. Олар орындалған жұмыстар актісіне қол қойған және 2020 жылдың 06 шілдесінде фильмді экрандарға шығарған. «Хабардың» YouTube-арнасында миллиондаған қаржы шығындалған жобаны тек 6 мың адам ғана қараған.

8,4 млн теңге қаржының желге ұшқанына Есеп комитетінің аудиторлары тек 2022 жылы ғана назар аударған. Осылайша «Хабар» АҚ «Алтын-Бек» ЖК сотқа беруге мәжбүр болған.

Бақсақ синопсиске сәйкес бұл ақша ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, РФ президенті Владимир Путин, Түркияның президенті Эрдоған, Өзбекстан президенті Мирзиёев және тағы басқалар сияқты бірқатар мемлекеттердің басшыларымен сұхбат жасауға бөлінген екен.

Олар сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстанның басты жетістіктері және осы процестегі Назарбаевтың рөлі туралы баяндап беруі қажет болған. Бірақ бұның ешқайсысы да фильмде жоқ.

Сотта «Алтын-Бек» ЖК түсірілім кезінде ДДҰ пандемия жариялап, шет мемлекеттерге шығу мүмкіндігі болмады деп түсіндірген. Бірақ Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотын мұндай жауап қанағаттандырмаған.

«Жауап беруші сотқа көрсетілген қаражаттың мақсатты жұмсалғаны туралы растайтын құжаттарды ұсынбаған. Жауап берушінің пандемияға байланысты шектеулер енгізілгені туралы дәлелдерін сот керісінше дәлел ретінде қабылдай алмайды», – делінген шешімде.

Нәтижесінде «Алтын-Бек» ЖК «Хабар» АҚ-на 8,4 млн теңге қаржыны және 252 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж төлеу шығындарын қайтарып берді.

Мұқтаж әкімшілерге арналған пәтерлер    

Егер осыдан бұрынғы бұзушылықтар «Хабар» АҚ пікірі бойынша лауазымды тұлға болып есептелмейтін Болатбек Баймешовтың ағасына қатысты болса, аудиторлар сипаттаған келесі дерек холдинг басқармасының бұрынғы төрағасы Алан Ажибаевқа тікелей қатысты.

Сөйтсек, Ажибаев басшылық еткен (2018-2019) жылдары «Хабар» АҚ жалға алу шарттарына сәйкес кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйге мұқтаж ретінде екі қызметкерді есепке алады. Анау-мынау емес, Ажибаевтың өзін және департамент директорының орынбасары Роберт Мурадянды.


құжаттың скрині

Бұл тұрғын үйінің жоқтығын растау құжаттарынсыз жасалғаны атап көрсетілген. Алайда пәтер алуда тек бір басшының ғана жолы болған. Жеңілдігі бар бағдарлама бойынша пәтерге ие болған бақытты Алан Ажибаев. Есепке сәйкес пәтерді алған кезде Ажибаев «Хабарда» қызмет етпеген, …. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы болған. Аудиторлардың пікіріне сүйенсек, ол өзіне өзі пәтер алудан бас тарта алмаған.

«2019 жылы Тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде құны 24,4 млн теңге тұратын пәтер Тұрғын үй комиссиясының төрағасы болған және осы шешімге дауыс берген басқарма төрағасы Ажибаевқа сатылған, бұл жерде мүдделер қақтығысы көрінеді», делінген есепте.

«Хабар» АҚ қазіргі басшылығы бұл деректерді жоққа шығармайды, бірақ барлығы заңның шеңберінде жүзеге асырылды деп есептейді, өйткені Ажибаевқа берілген пәтер қызметтік пәтер болған.

«Қызметтік тұрғын үй-жай «ҚР бағалау қызметі туралы» заңында белгіленген тәртіппен тәуелсіз бағалаушы белгілеген баға бойынша АҚ қызметкеріне сатылуы мүмкін. Тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде шешім көпшілік дауыспен қабылданған», – деп жауап берді холдинг.

«Хабар» АҚ жұмысының мысалында көріп отырғанымыздай, БАҚ-ты субсидиялау саясаты ашық емес және жарнама нарығында мемлекеттік медиаға артықшылықтар береді, бұл жеке БАҚ-тың толық күйреуіне әкеледі. Сонымен қатар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ешқашан Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне баға берген жоқ, ал Есеп комитетінің аудит нәтижелері жеті мөрдің артында жасырылған.

Orda.kz материалы бойынша дайындаған

Альфия Шамаева

 

Источник:Minber.kz