

Сөз бостандығы – құқықтық қорғаныссыз мүмкін емес. Журналист қысымға, қорқытуға немесе құқықтық белгісіздікке тап болғанда, оған қолдау қажет. Сондықтан екі жыл бұрын біз Media Qoldau атты құқықтық қызметті іске қостық. Мақсатымыз – медиа саласының өкілдеріне өз құқықтарын сенімді түрде қорғауға көмектесу.
2023–2025 жылдардағы Media Qoldau жобасының қорытындысын ұсынамыз. Осы екі жыл ішінде біз журналистерден, редакциялардан, блогерлерден, студенттерден және ҮЕҰ өкілдерінен 656 өтініш қабылдадық.
Бізге кімдер жүгінді: – Журналистер — 86% – БАҚ редакциялары — 8,4% – Блогерлер — 5,9%
Өтініштер жиі келіп түскен өңірлер: – Астана — 177 өтініш (27%) – Алматы — 157 өтініш (24%) – Орал, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент — әрқайсысы шамамен 6% – Көкшетаудан Түркістанға дейінгі 15-тен астам қала
Ең өзекті тақырыптар: – Ақпаратқа қол жеткізу — 13% – Интернеттегі қауіпсіздік — 12% – Сотқа дейінгі талаптар — 9% – Авторлық құқық, жала жабу, сот процесінің жариялылығы — 7–8% Сондай-ақ біз келесі мәселелер бойынша да көмек көрсеттік: бейнені пайдалану құқығы, жеке деректерді қорғау, БАҚ тіркеу, аккредитация, журналистің жұмысына кедергі келтіру, медиа кеңістіктегі балалар құқығы.
Сотқа байланысты істерге ерекше көңіл бөлінді: – 62 жағдайда заңгердің араласуымен дауды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік туды. – 22 іс бойынша сот процесі өтті, олардың кейбірі оң нәтижемен аяқталды.
Media Qoldau – Еуропалық Одақтың қолдауымен, Литва журналистер одағымен бірлесе жүзеге асырылған «Медиа саласында адам құқықтарын ілгерілету» бастамасының бір бөлігі болды. Біз екі жылдық жұмысымыздың қорытындысын ұсынып отырмыз, бірақ бұл қоштасу емес. Media Qoldau өз жұмысын жалғастыра береді! Егер сізге құқықтық кеңес немесе қолдау қажет болса — біз әрқашан байланыстамыз.
Бізге жазыңыз: mediaqoldau@gmail.com
Телефон: +7 7172 424 432
Егер сіз сот процесіне тап болсаңыз — мына сілтеме арқылы өтініш қалдырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdaANR_juY_cCPsN-64msPt-6wLq7tHqRGf69SzNIfqrAqv3w/viewform