17 марта, 2025 - 16:45
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ CREATEON ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ!
377


Біз жаңа білім алғысы келетін жас белсенділерді, ҮЕҰ өкілдерін, блогерлерді онлайн-активизм, құқықтық негіздер, ақпаратпен жұмыс істеу және деректерді визуализациялау бойынша жобаға қатысуға шақырамыз.
Қатысушылар вебинарларға қатысып, адвокациялық кампания идеяларын әзірлеп, тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен іске асырып, бағалы жүлделерге ие бола алады.
1-кезең – ВЕБИНАРЛАР
Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша экспресс-оқудан өтеді: “Фактчекинг негіздері. Қазақстандағы ашықкөз деректерін қалай қолданамыз?”
28 наурыз Спикер: Шыңғыс Уәлихан, журналист-зерттеуші, MNU лекторы “Адвокацияның әлеуметтік әсері”
27 наурыз Спикер: Бэлла Орынбетова, журналист, Erkin adamdar қауымдастығының тең құрылтайшысы, Internews Kazakhstan медиасауат жөніндегі маманы
2-кезең – ТРЕНИНГ ЖӘНЕ АДВОКАЦИЯЛЫҚ КАМПАНИЯЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Вебинарларға қатысқан ең белсенді және ынталы 20 қатысушы CreateON адвокация және контент жасау бойынша тренингке қатысуға іріктеледі. Іріктеуден өту үшін арнайы форманы толтырып, өз кампанияңыздың идеясын таныстыру қажет.
Тренингке қатысушылар менторлардың қолдауымен өз адвокациялық кампанияларын жасап, жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ең үздік идеялар бағалы жүлделерге ие болады. Іс-шараның уақыты мен орны қосымша хабарланады.
Тіркелу үшін сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf0P_eX95gb0AoXLskK5DowSTHQfMUwULU8wtTZSRIWpIlYEA/viewform
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31 наурыз
Іс-шара Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Медиадағы адам құқықтарын ілгерілету» жобасы аясында өтеді.