ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТ-ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИАТУР
16 ноября, 2020 - 17:48
ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТ-ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИАТУР
Автор: Администратор
638

Құқықтық медиа орталық құқық бойынша студент-журналистерге арналған медиатур ұйымдастырады!

Егер сіз журналистика факультетінде оқитын болсаңыз, медиа заңнамаға қызығушылығыңыз болса, ақпараттық құқықты оқуды жоспарласаңыз, онда бұл курс - сіз үшін!

Тур аясында халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен бірқатар лекциялар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

Біздің курс аясында жеке жобаңызға шағын грант ұтып алуға мүмкіндік бар! Шағын гранттар конкурсы сабақтардың 80%-ына қатысқандар арасында өтеді.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде zoom онлайн-платформасында 2020 жылдың 23 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында өтеді.

Жоба Қазақстандағы Германия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Медиатурға қатысуға өтініш беру үшін: https://bit.ly/3pAQ4On

Өтініш 20 қарашаға дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша: mediastana@gmail.com, 8 701 147 87 78 – Диляра