ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕДИАТУРДЫҢ КЕЗЕКТІ ТАҚЫРЫБЫ ФАКТЧЕК НЕГІЗДЕРІНЕ АРНАЛДЫ
26 ноября, 2020 - 10:53
ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕДИАТУРДЫҢ КЕЗЕКТІ ТАҚЫРЫБЫ ФАКТЧЕК НЕГІЗДЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Автор: Администратор
68
Қазіргі заман журналистикасында кеңінен қолданылып жүрген фактчек түсінігі бүгінгі дәрісте кеңінен айтылды. Сонымен бірге, ақпараттың рас-өтірігін тексеруде қолданылатын амалдар туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы қазақтілді бағытының жетекшісі, Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов баяндап берді.
 
Өз кезегінде, құқық бойынша медиатур тыңдаушыларын пропаганда мен жалған ақпараттың айырмашылығы, цензура, ақпаратты бұрмалап беру секілді тақырыптар қызықтырды.
 
Дәріс барысында алған білімді бекіту мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, ақпарат құралдарындағы материалдардың қайсысы қандай мақсатпен жазылғаны, факті мен пікірдің айырмашылығы, тағы басқа маңызды жайттар талқыланды.
 
Думан Смақов Қазақстандағы фактчек түсінігі туралы кеңінен әңгімелеп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы, жалпы, сыни көзқарас қалыптастыру, ақпараттық өнімді тұтынуда медиа сауаттылықты орынды қолдану төңірегінде ой қозғады. 
 
Айта кетейік, Құқықтық медиа орталық қолға алған Құқық бойынша медиатур аясында қазақстандық және халықаралық сарапшылар оннан астам дәріс оқиды. Белсенді қатысушылар арасында шағын грант конкурсы ұйымдастырылады.
 
Аталған жоба Қазақстандағы Германия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
 
#mediaturpopravu