

Предлагаем вашему вниманию обзор ситуации с правами журналистов и СМИ в Казахстане за последний квартал уходящего года.
В период с октября по декабрь ситуация со свободой слова и положением журналистов в Казахстане демонстрирует устойчивую тенденцию по сужению пространства для независимых медиа. «Фишкой» этого периода стало не резкое ужесточение условий, а системное использование административных, процедурных и правовых механизмов для ограничения работы СМИ. Это уголовные дела против журналистов с обысками в редакциях, судебные процессы, аккредитационные барьеры, отказы в предоставлении информации, блокировки интернет-ресурсов, а также инициирование репрессивных законодательных актов.
Отметим, что давление на медиа все чаще приобретает рутинный характер и подается под соусом соблюдения формальных процедур, что затрудняет правовую защиту журналистов и способствует нормализации ограничений. В сочетании с неопределенностью формулировок в законодательстве это усиливает атмосферу самоцензуры и страха в редакциях, особенно при освещении чувствительных тем. Государство активно продвигает политику тотального контроля над информационным пространством, нарушая международные стандарты защиты права на свободу слова и конституционные нормы.
Назарларыңызға Қазақстандағы журналистер мен БАҚ құқықтарына қатысты, өтіп бара жатқан жылдың соңғы тоқсанындағы жағдайға шолу ұсынамыз.
Қазан–желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда сөз бостандығы мен журналистердің жағдайы тәуелсіз медианың жұмыс кеңістігін тарылтуға бағытталған тұрақты үрдісті көрсетті. Бұл кезеңнің «ерекшелігі» жағдайдың күрт қатаңдауы емес, керісінше, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеу үшін әкімшілік, рәсімдік және құқықтық тетіктердің жүйелі түрде қолданылуы болды. Атап айтқанда, редакцияларда тінту жүргізумен қатар журналистерге қарсы қозғалған қылмыстық істер, сот процестері, аккредитациялау кедергілері, ақпарат беруден бас тарту, интернет-ресурстарды бұғаттау, сондай-ақ репрессивті сипаттағы заңнамалық актілерді бастамалау орын алды.
Айта кету керек, медиаларға жасалатын қысым барған сайын күнделікті, үйреншікті сипат алып, формальды рәсімдерді сақтау деген желеумен жүзеге асырылуда. Бұл журналистердің құқықтық қорғанысын қиындатып, шектеулердің қалыпты құбылыс ретінде қабылдануына жол ашады. Заңнамадағы тұжырымдардың нақтыланбауымен ұштаса отырып, мұндай жағдай редакцияларда, әсіресе сезімтал тақырыптарды жариялау кезінде, өзін-өзі цензуралау мен қорқыныш ахуалын күшейтеді. Мемлекет ақпараттық кеңістікке толық бақылау орнату саясатын белсенді түрде ілгерілетіп, сөз бостандығын қорғаудың халықаралық стандарттары мен Конституцияда бекітілген нормаларды бұзып отыр.








