Бүгін Астанадағы БҰҰ ғимаратында «Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыға түсті. Еуропалық Одақ, БҰҰ өкілдері мен шетелдік сарапшылар заңнамаға қатысты өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің басшысы Фолькер Фробарт, Литва Журналистер одағының төрағасы Дайнюс Радзявичус, "Құқықтық медиа орталық" қоғамдық қорының директоры Диана Окремова, т.б. сөз сөйледі, - деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.