«Қазақстан Медиа желі» қоғамдық қоры «Меняем вредные медиапривычки /50 советов по медиаграмотности» / Зиянды медиа әдеттерден арылайық/ медиасауатқа арналған 50 кеңес атты жобаны қолға алды.Біздің жобамыз кез келген жастағы адамға және әр аймақтың тұрғындары үшін дайындалып отыр: кім де кім медиа тұтыну жолында зиянды медиа әдеттерден арылуды мақсат етсе, өзін және жақындарын БАҚ-тың біржақты ақпарат таратуынан, кибер алаяқтардан, өшпенділік тілі мен күш қолдануды насихаттаудан, манипуляция мен дезинформациядан құтылуды көздесе, біздің жобамызға назар аударғаны жөн.Біздің сарапшылар мен тренерлер медиасауат, медиаэтика және медиақұқыққа қатысты 50 кеңес береді.