ҚАЗАҚША КОНТЕНТКЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ГРАНТ БАЙҚАУЫ
26 August, 2025 - 13:18
ҚАЗАҚША КОНТЕНТКЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ГРАНТ БАЙҚАУЫ
Автор: Администратор
465

Internews GLIMMER-2 бағдарламасы аясында қазақ тілінде сапалы медиаконтент өндіруге арналған шағын грант байқауын жариялайды.

 

 

Байқаудың мақсаты – қазақ аудиториясына бағытталған заманауи

- форматтағы медиа жобаларды қолдау:

- арнайы репортаждар мен лонгридтер

- әлеуметтік медиа жобалар

- веб-деректі фильмдер, веб-сериалдар

- мультимедиялы жобалар

- тергеу журналистикасы және т.б.

 

 

Кім қатыса алады:

Шығармашылық топтар, тәуелсіз контент өндірушілер, блогерлер мен журналистердің бейресми ұжымдары. (Ұжымда кемінде 2 адам болуы қажет).

Ең жоғарғы грант мөлшері: 3,5 млн теңгеге дейін

Ұзақтығы: 5 айға дейін

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 2 қыркүйегі, 18:00-ге дейін

Қолдау табатын жобалар саны: 8-ге дейін

Толығырақ ақпарат: https://kk.internews.kz/.../kazakhsha-kontent-zhasau-a.../

Бұл бастама Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асады.