МИД ОТКАЗАЛ В АККРЕДИТАЦИИ 16 ЖУРНАЛИСТАМ «АЗАТТЫКА». СМИ ПОДАЛО В СУД.
15 July, 2025 - 19:49
МИД ОТКАЗАЛ В АККРЕДИТАЦИИ 16 ЖУРНАЛИСТАМ «АЗАТТЫКА». СМИ ПОДАЛО В СУД.
Автор: Администратор
390
МИД отказал в аккредитации 16 журналистам «Азаттыка». СМИ подало в суд.
Министерство иностранных дел РК не продлило аккредитацию журналистам редакции «Азаттык Азия» (входит в структуру «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» в Казахстане).
Сначала отказ получили семь сотрудников, а на днях стало известно об отказе ещё девятерым. Таким образом, всего 16 журналистов лишены возможности работать.
Решение будет оспариваться в суде.
Что важно знать:
  •  Заявки на продление были поданы заблаговременно, ещё в феврале 2025 года.
  •  Ответ от МИД пришёл с опозданием и без конкретных оснований.
  •  В июне министерство сослалось на нарушение статьи 30, часть 4, Закона «О масс-медиа» и отказало в продлении.
  •  RFE/RL считает отказ незаконным и подало административный иск.
Поддержку журналистам оказывает юридическая служба “Media Qoldau” Правового медиа-центра совместно с адвокатской конторой “Tokayeva & Partners”.
Действия МИД нарушают конституционное право на осуществление профессиональной деятельности, а сам процесс отказа остаётся непрозрачным и формальным.
 Напомним, с 2022 года МИД неоднократно отказывал в аккредитации журналистам «Азаттыка» без объяснений. Весной 2024 года после судебного разбирательства аккредитация была восстановлена. Но ситуация снова повторяется.
 
 
ҚР СІМ «Азаттықтың» 16 журналисіне аккредитация беруден бас тартты. БАҚ сотқа жүгінді.
Қазақстандағы «Азаттық Азия» редакциясының (Radio Free Europe/Radio Liberty құрамына кіреді) журналистеріне аккредитацияны ұзартудан ҚР Сыртқы істер министрлігі бас тартты.
Бастапқыда жеті қызметкерге бас тарту туралы жауап келсе, жуырда тағы тоғыз журналистке аккредитация берілмегені белгілі болды. Осылайша, барлығы 16 журналист кәсіби қызметін атқару мүмкіндігінен айырылды.
Аталған шешім сот тәртібімен дауланатын болады.
Маңызды мәліметтер:
  •  Аккредитацияны ұзарту туралы өтініштер 2025 жылдың ақпанында, мерзімінен бұрын берілген.
  •  СІМ-нің жауабы кешігіп келіп, нақты негіздер көрсетілмеген.
  •  Маусым айында министрлік «Масс-медиа туралы» Заңның 30-бабы, 4-бөліміне сілтеме жасап, ұзартудан бас тартқан.
  •  RFE/RL бұл шешімді заңсыз деп есептеп, әкімшілік талап-арыз түсірді.
Журналистерге құқықтық көмек Құқықтық медиа орталығының “Media Qoldau” заң қызметі мен “Tokayeva & Partners” адвокаттық кеңсесі тарапынан көрсетілуде.
СІМ-нің бұл әрекеті кәсіби қызметпен айналысуға конституциялық құқықты бұзады, ал бас тарту процесінің өзі жабық және формалды сипатта өтуде.
 Еске салсақ, 2022 жылдан бері СІМ бірнеше рет «Азаттық» журналистеріне аккредитация беруден түсіндірместен бас тартқан. 2024 жылдың көктемінде сот шешімінен кейін аккредитация қалпына келтірілген еді. Алайда жағдай қайтадан қайталануда.