КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ: ӘКІМДІКТЕР БЕЙБІТ МИТИНГТЕР ӨТКІЗУ ӨТІНІШТЕРІНЕН ЖӨНСІЗ БАС ТАРТА АЛМАЙДЫ
24 January, 2025 - 13:04
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ: ӘКІМДІКТЕР БЕЙБІТ МИТИНГТЕР ӨТКІЗУ ӨТІНІШТЕРІНЕН ЖӨНСІЗ БАС ТАРТА АЛМАЙДЫ
Автор: Администратор
37
 
Бейбіт жиындар туралы заңда айтарлықтай олқылықтар бар екенін «Құқықтық медиа орталығы» дәлелдей алды. Ал сот заңды Конституцияға сәйкес деп тапқанымен, әкімдіктерді митинг өткізуге ниет білдіргендерге балама орын мен уақытты, ал барша қазақстандықтарды жоспарланған митингілер туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етуді міндеттеді.  
 
2023 жылдың ақпан айында «Құқықтық медиа орталығының» қызметкерлері Астана әкімдігіне масс-медиа туралы заң жобасына қарсы бейбіт митинг өткізу туралы өтініш берген. Алайда жергілікті атқарушы орган бос емес деп, жиын өткізу өтінішін орындаудан бас тартты. Хатта «сіздің хабарламаңызды қанағаттандыру мүмкін емес» деп жазылған. Әкімдіктің хабарлауынша, ол алаңдарда вейпингке қарсы шаралар өткізілуі керек екен. Бірақ іс жүзінде бұл жер мүлдем бос болып шықты.  
 
Медиа орталық әкімдіктің әрекетіне сотта шағымдануға шешім қабылдады, бірақ істі жеңіліске ұшырады: сот әкімдіктің митингіге рұқсат бермеуін толығымен заңды деп санады. Сот отырысында түсіндірілгендей, мемлекеттік мекеме қызметкерлері митингтің өтетін орны мен күнін бекітеді, бірақ митингтің өтетін-өтпейтінін бақылауға міндетті емес. 
 
Одан кейін құқық қорғаушылар қолданыстағы заң бейбіт жиын өткізу құқығын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді деп, Конституциялық сотқа жүгінуді ұйғарды. Үш айлық талқылаудан кейін Конституциялық сот толықтай ымырашыл шешім қабылдады. Ол Конституцияны бұзу фактілері жоқ, бірақ әкімдіктердің жұмысында айтарлықтай олқылықтар бар деп есептеді. Осылайша, шешім қазақстандықтар үшін бейбіт жиналыстар өткізу тәжірибесін өзгертетін маңызды тармақтарды қамтиды:
 
Конституциялық Сот жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылған мамандандырылған орындардың толтырылуы туралы АҚПАРАТ АЗАМАТТАРҒА кем дегенде жоспарланған іс-шаралар, оларды өткізу орны мен күні, олардың басталу және аяқталу уақыты және қатысушылар саны туралы ХАБАРДАР ЕТУ КЕРЕК деп санайды. 
 
Әрбір нақты жағдайда бейбіт жиналысты өткізуден БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ шаралардың мақсаттарын, өзектілігін, әлеуметтік мәні мен ауқымын, сондай-ақ басқа да міндеттерді ескере отырып, барлық орын алған жағдайлар мен ықтимал тәуекелдерді мұқият талдауға НЕГІЗДЕЛГЕН БОЛУЫ КЕРЕК. 
 
Бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаудың алдында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға жоспарланған бейбіт жиналысты өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсыныс жіберуі тиіс.
 
Бұл шешім Қазақстанның азаматтық қоғамы үшін өте маңызды, өйткені ол бейбіт митингілерді өткізу құқығын насихаттау және қорғау саласындағы жұмыстың тиімді құралы бола алады. 
«Құқықтық медиа орталығы» «Еркіндік қанаты» ҚҚ, ҚАҚЗСБ, заңгерлер Роман Реймер, Евгения Нефедиева және Артур Алхастовқа көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдіреді.