ЖЕЛІДЕ ЖҮРЕК ЖҰТҚАНДАР: БЕЛСЕНДІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
16 January, 2025 - 15:14
ЖЕЛІДЕ ЖҮРЕК ЖҰТҚАНДАР: БЕЛСЕНДІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Автор: Администратор
92
Желіде жүрек жұтқандар: белсенді қыз-келіншектер қауіпсіздігі және оларды қорғау бойынша нұсқаулық 
 
Құрметті әріптес қыз-келіншектер!
 
Біз сіздер үшін қауіпсіздік құралдары және оларды пайдалану жолдары туралы ақпарат жиынтығын қамтитын нұсқаулық дайындадық. Адвокация техникалары, құқықтық сауат, интернетте өшпенділік пен буллингке қарсы тұру, желіде ілгерілету, техникалық және физикалық қауіпсіздік, тартымды контент жасау, сондай-ақ психологиялық қорғау бойынша кеңестер – мұның барлығын біздің нұсқаулықтан таба аласыз. Нұсқаулық үйренуге құлшынысы бар және әрдайым өз құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыруға дайын жаңадан бастап жатқан және тәжірибелі белсенділер үшін пайдалы болады.
 
Тулкит Канада Елшілігінің қолдауымен «Белсенді қыз-келіншектерге арналған медиа қауіпсіздігі» жобасы аясында әзірленді. Біздің басты міндетіміз – әрбір адам өзін сенімді және қауіпсіз сезінетін қазақ белсенділерінің қоғамдастығын құру.