ЖУРНАЛИСТ ДАНИЯР ӘДІЛБЕКОВТІ ҚОЛДАУҒА ДАУЫС ЖИНАЛЫП ЖАТЫР
1 November, 2024 - 14:50
ЖУРНАЛИСТ ДАНИЯР ӘДІЛБЕКОВТІ ҚОЛДАУҒА ДАУЫС ЖИНАЛЫП ЖАТЫР
Автор: Администратор
227

фото: press.kz

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Журналист Данияр Әділбековтың әділетсіз жазаланғанына байланысты Конституцияның кепілі ретінде Сізге өтініш білдіреміз. 18 қазанда ол «Дикая Орда» телеграм-каналындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жарияланымдары үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған жалған ақпарат жеткізу және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша жаза тағайындалды.

Біз, Қазақстанның журналистік және медиа қоғамдастығы, бұл жазаның қоғамға қауіп төндірмейтін құқық бұзушылықтар үшін пара-пар емес жаза екеніне сенімдіміз.

Сот үкімінің қисынсыздығы айыптау негізі жәбірленушілердің айғақтарынан басқа, Даниярдың жазбалары жәбірленушілердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін сараптамалардан ғана алынғандығында. Оның үстіне мұндай істер тек азаматтық сотта қаралады, бұл туралы Азаматтық Кодекстің 143-бабында анық көрсетілген.

Сондай-ақ, Әділбековтың қылмыстық процесте берген мәліметтерінің жалғандығы жәбірленушілердің айғақтарымен ғана дәлелденбейтініне сенімдіміз. Құзырлы органдар бұл ақпараттың жалғандығын ешбір жағдайда растамады, ал қорғаушы тарап бұл ақпаратты Даниярдың ашық көздерден алғанын дәлелдейтін жеткілікті құжаттық дәлелдемелерді сотқа ұсынды.

Кәсіби журналистік қызмет қылмыстық іс ретінде танылмауы, журналистерге қауіп төндірмеуі керек. Журналистер қылмыстық қудалауға ұшырамауы және қатаң өзін-өзі цензура жағдайында жұмыс істемеуі керек. Біз Әділбековтың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екеніне сенімдіміз, яғни ол ақталуы керек.

Осы ақылға қонымсыз үкімге назар аударуды, баспасөз институтының жойылуына жол бермеуді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабымен және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабымен кепілдік берілген сөз бостандығын қорғауға шақырамыз!

Үндеуге осы жерде қол қоюға болады:

https://forms.gle/mdtpp4Gs2QF8UugAA

 

Источник: Minber.kz