ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КРЕМЛЬДІ НАСИХАТТАУҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕП ОТЫР - ДИАНА ОКРЕМОВА
24 September, 2024 - 12:02
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КРЕМЛЬДІ НАСИХАТТАУҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕП ОТЫР - ДИАНА ОКРЕМОВА
Автор: Администратор
97
“Правовый медиа центр” қоғамдық ұйымының директоры Диана Окремова Қазақстандағы мемелекеттік қаражаттың қалай жұмсалып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сілтеп.
Айтуынша, елдегі салық төлеушілердің қомақты қаржысы ресейліктердің мүддесі үшін жұмсалуда.
"Өткен жылы Қазақстанның Есеп комитеті Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қаражатты пайдалануына байланысты есеп жүргізді. Мәселенің түп тамыры мынада, қазақстандық салық төлеушілердің қомақты ақшасы, яғни 4 миллиард теңге ресейлік саясатты Қазақстанда көрсетуге, ал 2,5 миллиард теңге қазақ телеарналарын Ресейде таратуға жұмсалған. Мұны Есеп комитеті қаражат мақсатсыз пайдаланылған деп таныды", - дейді ол.
Окремова аталған шығын елдің ақпараттық қауіпсіздігіне және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жеткізді.
"Қазақстан аумағында ресейлік арналардың көрсетілуі қоғамдық пікірге және халықтың көзқарасына әсер етуі мүмкін. Мұндай алаңдаушылық әсіресе, саяси немесе халықаралық істер сияқты маңызды салаларда басымдық береді. Мәселен, халықты үнемі біржақты ақпаратпен құлақтандыру олардың ойы мен санасын улап, ұлттық мүддеге қайшы келетін әрекеттерге итермелуге әкелуі мүмкін. Оның ішінде шетелдік қақтығыстарды ерекше атап өтуге болады. 
Негізінен, бұл шығындар қазақстандық азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келмейді. Сол себепті оның есебін сұрау орынды", - дейді ол.
 
 
Источник: Alash.kz