27 June, 2024 - 17:56
Media Qoldau құқықтық қызметі: Қазақстанда БАҚ-ты қолдау
Media Qoldau – тәуелсіз журналистерді, блогерлерді және азаматтық белсенділерді құқықтық қолдауға арналған Құқықтық медиа орталығының базасында құрылған сервис.
Қызметті заңгер, ұлттық және халықаралық медиа құқығы саласындағы сарапшы Гүлмира Біржанова басқарады. Media Qoldau адвокаттар Әсел Тоқаева, Лилия Чаусова, Қуанышбек Есенгелдинмен бірге дауларды сотқа дейін реттеуге және сот істерін шешу үшін көмектерін ұсынады. Біз журналистердің кәсіби қызметіне қатысты құқық бұзушылықтарға қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарауға көмектесеміз. Айта кету керек, консультациялар еліміздің барлық аймақтарының журналистері үшін екі тілде қолжетімді. Біз ақпараттық дауларға маманданған заңгерлермен ынтымақтастыққа ашықпыз және бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетуге дайынбыз.
Ең танымал сұрауларға ақпаратқа қол жеткізу және аккредиттеу, жала жабу, цифрлық құқықтар, медианы тіркеу және құру, сондай-ақ авторлық және өз бейнесіне құқықтарды қорғау жатады.
Жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (74 000 теңге) көлемінде айыппұл салынған журналист Жәмила Маричеваның атышулы ісін атап өтуге болады. Сот оны аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартылған Азаттық радиосының журналистеріне қолдау білдіргені үшін кінәлі деп тапты. Сот оны ұстаған полиция қызметкерінің бейнежазбасының жоқтығына және қорғаушылардың қарсылықтарына қарамастан, полицияның Маричеваға қарсы әрекетін заңсыз деп танымады. Журналист апелляциялық сатыда жеңіліс тапқанымен, Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсірілді.
Ақтөбеде Асқар Ақтілеуовке қатысты сот ісі журналистің пайдасына шешілді. Еске салайық, бұл іс гимназия директорының арызы бойынша басталған болатын. Ол журналист өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында мектеп тазалаушысының жұмыстан босатылғаны туралы жалған ақпарат таратқанын алға тартты. Сот журналистің пайдасына шешім шығарып, іс тоқтатылды. Желіде пайда болған резонанстан кейін тазалаушы жұмысқа қайта оралғанын атап өткен жөн.
Сәтті кейстердің бірі – жала жапты деген айыппен сотқа тартылған журналист Асхат Ниязовтың ісі. Ниязов жасаған «құқық бұзушылық» Pro Tenge басылымының аккредитациядан бас тарту туралы Азаттық радиосын қолдауға арналған жзабасымен бөлісуі еді. Оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды.
Media Qoldau тек заң тұрғысынан емес, ақпараттық қолдау да көрсетеді. Мәселен, жалған ақпарат жеткізді деген айыппен екі айдан астам уақыт қамауда отырған Данияр Әділбековтің ісін жариялап келеміз. Адвокат Әділжан Маутқановтың пікірінше, журналистің жазбалары қоғамға қауіпті емес және оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ. 21 мамырда өткен соңғы отырыста бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, журналист әлі қамауда.
Қызметке журналистер Кирилл Павлов, Марина Низовкина және т.б. журналистер жүгінді.
«Media Qoldau» – Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «БАҚ-та адам құқықтарын ілгерілету» жобасының бір бөлігі. Жобаның мақсаты – журналистер мен БАҚ қызметкерлері үшін олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатын қауіпсіз және қолайлы орта құру.
Сот даулары туындаған жағдайда сіз биодағы сілтеме арқылы пішінді толтыруыңыз керек, содан кейін сізге заңгер хабарласады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdaANR_juY_cCPsN-64msPt-6wLq7tHqRGf69SzNIfqrAqv3w/viewform. Кәсіби қызметке қатысты мәселелер туындаған жағдайда, сондай-ақ қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін mediaqoldau@gmail.com электрондық поштасы арқылы бізге хабарласыңыз немесе +7 7172 424 432 нөміріне қоңырау шалыңыз.
#mediaqoldau