ДЖАМИЛЯ МАРИЧЕВА «ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ» БАБЫ БОЙЫНША КІНЭЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ
14 May, 2024 - 12:41
ДЖАМИЛЯ МАРИЧЕВА «ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ» БАБЫ БОЙЫНША КІНЭЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Автор: Администратор
170
13 мамыр күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Джамиля Маричеваның ісі бойынша талқылау жалғасты
 
Журналист «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша кінәлі деп танылды, оған 20 АЕК (73840 тг) мөлшерінде айыппұл салынды
 
Бұған дейін сот филологиялық сараптама жүргізуден және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы себебінен істі тоқтату туралы өтінішті орындамады
 
Естеріңізге сала кетсек, Джамиля Маричева – мемлекеттік сатып алу саласындағы және сыбайлас жемқорлық жайлы тергеуге арналған ProTenge жобасының негізін қалаушы. Журналистерді кінәлі деп тану туралы шешімдер демократиялық қоғам мен сөз бостандығының негіздеріне қауіп төндіреді.