21 February, 2024 - 10:49
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
VIII шақырылымы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Ж.С. Әшімжановқа
Құрметті Жанарбек Садықанұлы,
Масс-медиа туралы заң жобасының жұмыс тобы мүшелері!
Біз, Масс-медиа туралы заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, заң Қазақстан Республикасы Ақпараттық доктринасына қайшы келетін кейбір нормаларымен үзілді-кесілді келіспейтінімізді мәлімдейміз. Сондай-а, осы нормалар қабылданған жағдайда Қазақстан журналистикасына, сөз бостандығына және медиа-нарыққа тигізетін жағымсыз салдарына сіздің және депутаттардың назарын аударғымыз келеді:
1-бап, 24-тармақша. Масс-медиа - бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс.
Заң жобасында ұсынылып отырған масс-медиа ұғымы тым кең және барлық интернет-ресурстарды қамтиды. Сонымен қатар барлық интернет-ресурс БАҚ қызметін атқара бермейді. Заң уәкілетті органда БАҚ ретінде тіркелген интернет-басылымдарға ғана қолданылуға тиіс.
1-бап, 2-тармақша. Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын бірыңғай медиаплатформа арқылы тіркеуді автоматтандыру;
Ақпараттық технологиялар гүлденген дәуірде аккредиттеудің басқа – үшінші – жеңілдетілген түрін енгізудің еш мағынасы жоқ және бұрын қабылданған, бұрыннан бар аккредиттеу рәсіміне қайшы келеді. Іс жүзінде бұл мемлекеттік органдардың аккредиттеудің осы түрін теріс пайдалануына және БАҚ-ты таңдап тіркеуіне әкелуі мүмкін. Біз аккредиттеу картасы жүктелген міндеттерді толығымен орындайтынына және оңайлатылған аккредиттеу рәсімін енгізудің қажеті жоқ екеніне сенімдіміз.
1-бап, 42-тармақша. суицидті насихат-тайтын ақпарат – адамды өз өмірін қиюға итер-мелейтін ақпарат; ұсынылған жаңа бап «Суицидті насихаттайтын ақпарат».
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңда өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін деген ұғым бар, «Масс-медиа туралы» заң жобасында да Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау деген 10-бап бар. 1-тармақшасында «Балаларға арналған теле-, радиобағдарламаларды тарату Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады делінген.
Масс-медианы өнімін шығаруды немесе масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұрудың негізі суицидті насихаттайтын ақпаратты тарату болып табылады.
Аталған нормалар заңдарда бұрыннан бар болғандықтан, жаңа баптың енгізілуі бар норманы қайталау болып саналады және заңның кеңейтілген түсіндірілуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл норманы алып тастау керек.
14-бап. «Ақпарат агенттігі» мен «интернет-басылымы» ұғымының біріктірілуі
Ақпарат агенттігі – интернет-басылымнан ерекшеленетін масс-медианың нақты бір түрі. Ақпарат агенттіктері жұмысының ерекшелігіне ақпаратты беру жылдамдығы, авторлық құқықты қосымша қорғау, тіркеу кезіндегі артықшылықтары бар. Осыған орай, ақпарат агенттігі заңда жеке құрылым ретінде қалуы керек деп есептейміз.
21-бап. Ақпарат агенттігінің немесе интернет-басылымның иелері тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарламалар мен материалдарды таратуға кірісуі тиіс.
БАҚ кадрларды, қаржыны және басқа да уақытты талап ететін ресурстарды қажет ететінін ескере отырып, толыққанды және сапалы жұмысты бастау үшін бұл мерзім тым қысқа деп санаймыз.
Жаңа «__-баптың» Үкімет өзгерткен жаңа режакциясы «Журналистің (БАҚ өкілінің) кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер».
Баптың ұсынылып отырған нұсқасы журналистердің күнделікті жұмысындағы кәсіби құқықтарының сақталуына және қорғалуына мүлдем кепілдік бермейді және кәсіптің артықшылықтарын білдірмейді. Журналистер ақпаратқа қол жеткізуге, құрал-жабдықтардың зақымдалуына, кәсіби қызметіне араласуға шектеулерге жиі тап болады, ал заң оларды ешқандай қорғамайды. Сондықтан депутаттар Ж.Сүлейменова, С.Пономарев, Н.Шаталов ұсынған редакцияны ескеру өте маңызды.
28-бап, 4-тармағы. «4. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуына тыйым салынады.».
«5. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеуден бас тартуға құқылы.».
«6. Қолданыстағы заңнаманың нормалары бұзылған жағдайда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
Ұсынылып отырған редакция Сыртқы істер министрлігіне негізсіз кең өкілеттіктер береді, бұл көпшілігі Қазақстан азаматтары болып табылатын шетелдік БАҚ пен журналистердің құқықтарын шектеуге әкелуі мүмкін. «Ұлттық қауіпсіздікке қатер» түсінігі жеткіліксіз және нақты түсіндірілмеуі мүмкін, бұл осы ұғымды теріс пайдалануға әкеліп соғады. Сондықтан заң жобасындағы редакцияны бұрынғы қалпында қалдырып, аккредитациядан айыру құқығын сотқа беруді талап етеміз.
4-тарау. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың кейбір мәселелері
Мемлекеттік ақпараттық саясат саласындағы бірден-бір өзгеріс «мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың» орнына «грант» ұғымының пайда болуы. Сөйте тұра БАҚ-тағы мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен есептілігі қағидаттары, құралдары, ережелері еш өзгермейді, бұл медианарықтың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды.
40-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер
Біз этикалық нормалар заңмен реттелмеуі керек екеніне сенімдіміз, өйткені ол – журналистер қауымының міндеті. Мұны халықаралық тәжірибе де растап отыр. Осыған байланысты аталған тармақты заң жобасынан алып тастауды ұсынамыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің даму жоспарында «Заңның басты мақсаты – сөз бостандығын, әсіресе шекаралас аймақтарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ журналистердің мәртебесін көтеру» деп жазылған.
Қабылданған заңның озық әрі демократия талабына сай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырамыз!
Жұмыс тобы мүшелері:
Гүлмира Біржанова, Құқықтық медиа-орталық,
Диана Окремова, Құқықтық медиа-орталық,
Бақтыгүл Бурбаева, «Қазақстан медиа желісі/ KazMediaNetwork» ҚБ,
Думан Смақов, «MediaNet халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ, factcheck.kz бас редакторы,
Қалима Тәжіқұл, журналист, медиасарапшы
Ольга Диденко, «Қазақстандағы Интерньюс», медиазаңнама жөніндегі консультант
Есенгүл Кәп, руководитель центра поддержки журналистов “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі,
Жұлдыз Әбділда, журналист, Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу комитетінің төрағасы
Айнур Коскина, журналист
Зауреш Батталова, Қазақстанда парламентаризмді даму қоры
Руслан Дайырбеков, Евразия Цифрлық Қоры
Евгения Бодрова, журналист
Елжан Қабышев, "Digital Paradigm" ҚҚ