9 June, 2023 - 17:32
Елордамызда қаржы әлеміндегі ең басты оқиғалардың бірі – Astana Finance Days 2023 атты конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараға танымдық турға қатысушы Бразилия қонақтарымыз белсене ат салысты.
«AFD: қаржы нарығының алдыңғы қатарында» конференциясы 70-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушыларды жинақтады. Атап айтсақ, мемлекеттік орган өкілдері, қаржы индустриясы және экономика саласындағы сарапшылар, инвесторлар, бизнес пен ірі халықаралық банктердің басшылары, мұнай-газ компаниялары және т.б.
Журналист Фабиана Джейхан және оператор Ясмина Джейхан іс-шараның ашылу салтанатынан телерепортаж түсіріп, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантировтан сұхбат алды.
Тағылымдама Бразилия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастың 30 жылдығына арналған. Сонымен қатар, шараны ERG (Eurasian Resources Group) қолдауымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі ұйымдастырды.
Ақбота Қазкенова