ОТАНДЫҚ БАҚ – ҚА ҚАНДАЙ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР?
8 June, 2023 - 14:06
ОТАНДЫҚ БАҚ – ҚА ҚАНДАЙ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР?
Автор: Администратор
293

Бірнеше жыл қатарынан отандық медианың тілшілері сотталу қауіпі бар мұрағаттағы басылымдары бола тұра, тәуекел етіп, жұмыс атқаруда. Басты себебі: ҚР Азаматтық кодексінде  ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау істері бойынша шағым жазу мерзімі белгіленбеген.  

Арада біраз жыл өткеннен кейін талапкер редакцияны белгілі бір жарияланым үшін сотқа бере алады және оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілгенін дәлелдей алады. Бұл жердегі мәселе – уақыт. Зардап шегуші тарап шағым жазғанымен, оның жеке басына қатысты дерек жазған редакция осы уақытқа дейін жабылып қалуы ықтимал немесе тілші ол жерде жұмыс атқармауы мүмкін. Одан бөлек, әлгі деректер мұрағатта сақталмау қаупі де бар.  

Құқықтық медиа орталығы диффамация бойынша халықаралық тәжірибе негізінде шолу дайындады.  

Кейбір елдерде, соның ішінде белгілі бір посткеңестік елдерде жеке құқықтарды қорғау істері бойынша уақыт мәселесі айқындалған.

Әрине, әдеттегідей көп елдерде бір – біріне ұқсас.  Мысалы, Украинада ескіру мерзімі бір жыл. Бұл ретте осы мәліметтер БАҚ-та жариялаған күннен бастап немесе аудитория осы мәліметтер туралы ақпарат алған күннен бастап есептеледі.  

Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 152-бабының 10-тармағына сәйкес ескіру мерзімі де бір жыл.  

Молдова Республикасында диффамация таратылғаннан кейін бір жыл өткен соң шағым жазу мерзімі жарамсыз болып табылады. Себебі бұл мемлекетте ақпараттық ескіру мерзімі 30 күнді құрайды.  

Ұлыбританияда ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы шағымды бір жыл ішінде бере алады.  

Австралияда ескіру мерзімі бір жыл.  

Барбадоста шағым пайда болғаннан бастап үш жыл аралығында жүзеге асырылады.  

Кайман аралдарында шағым тек үш жыл ішінде жарамды.  

Кипрде бір жыл.  

Солтүстік Ирландияда бір жыл.  

Шотландияда үш жыл.  

Кенияда жала жабу туралы істі сот кемінде 12 ай ішінде бастауы керек.    

Тіпті Еуропа елдерінде де ескіру мерімінің шектеулі болатынын анық байқаймыз.  

Қазіргі уақытта ҚР БАҚ туралы заңы қаралуда. Сол себепті де, қазақстандық БАҚ өздерінің мұрағаттық жарияланымдары үшін бұдан былай тәуекелге бел бумайтындығы жоғары ықтималдылыққа ие!

 

 

Аудармасын дайындаған Ақбота Қазкенова