МЕМЛКЕТТІК ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ БОЙЫНША АШЫҚ ХАТ (қол жинау)
28 September, 2021 - 16:16
МЕМЛКЕТТІК ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ БОЙЫНША АШЫҚ ХАТ (қол жинау)
Автор: Администратор
346
МЕМЛКЕТТІК ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ БОЙЫНША АШЫҚ ХАТ (қол жинау)
 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 
ҚР Бас прокуроры Гизат Нұрдәулетовке,
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге 
 
Өткен жылдың сәуірінде қазақстандық журналистер кәсіби міндеттерін сапалы орындау мүмкіндігінен айырылды. Пандемия салдарынан мемлекеттік органдар мен парламенттің барлық баспасөз конференциялары мен брифингтері онлайн режимге ауыстырылды, мұның салдары БАҚ жұмысына кері әсер етті. Меморгандардың ғимараттарына кіруге тыйым салынды, онлайн режимде өтетін шараларда әрдайым сұрақ қою мүмкіндігі жоқ, техникалық ақауларға байланысты журналистерді эфирден «сөндіріп» тастаған кездер аз болмады. Алайда осы уақыттың барлығында қиындықтарға қарамастан, БАҚ қызметкерлері азаматтарға дұрыс және объективті ақпарат жеткізу үшін бар күшімен жұмыс істеді. 
27 қыркүйектен бастап елде көпшілік шаралар өткізуге берілген рұқсат іс жүзінде карантин жағдайының жақсарғанын білдіреді. Алайда журналистер мен БАҚ өкілдері үшін ештеңе өзгермеді. Парламент пен үкімет бұрынғысынша жабық, сонымен бірге, онлайн конференциялар zoom режимінен журналистер үшін сұрақ қою мүмкіндігі жоқ басқа форматқа ауыстырылды. БАҚ үшін сонымен бірге парламентарий жұмысы туралы маңызды ақпарат көзі болып саналатын Сенат комитетінің отырыстары да жабық. Дегенмен Парламент сенатында карантиндік шектеулерге қарамастан, қоғамдастықтың қатысуымен көпшілік шаралар өткізілді және өткізіліп келеді. 
Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеттеріне қатты алаңдаушылық білдіреміз, өйткені, орын алған жағдай біздің кәсіби құқықтарымыз бен заңды қызметімізді, сонымен бірге азаматтардың ақпарат алу құқықтарын айтарлықтай шектейді. Өкінішке қарай, жазбаша ресми өтініштер көп жағдайда жауапсыз қалады немесе ақпараты мардымсыз құр жауаппен шектеледі. 
Орын алған жайттың Конституцияның 20-бабы сөз бостандығы, БАҚ туралы заңның 2-бабы, сонымен бірге Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңының бұзылуы деп санаймыз. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы туралы мәлімдеме жасаған «Еститін мемлекет» концепциясы қағидаларына қайшы келеді. Сондай-ақ журналистердің парламент пен үкіметке кіруін шектеу халықаралық сөз бостандығы және ақпаратқа қол жеткізу нормаларына қайшы келеді. 
Мемлекеттік органдардың ашықтығы үкіметтің тиімділігі, есеп беру және транспаренттілігінің, мықты азаматтық қоғам мен сыбайлас жемқорлықпен сапалы күресудің кепілі екеніне назарыңызды аударғымыз келеді. 
Карантиндік шаралар жеңілдетілгенін, парламент пен үкіметте жұмыс істейтін журналистердің 100% вакцина алғанын ескере отырып, БАҚ өкілдерін парламент пен үкімет ғимараттарына кіргізуді қалпына келтіру жөнінде шұғыл шаралар қолға алуыңызды сұраймыз. Азаматтарға шынайы ақпарат керек, ал БАҚ-тың сапалы жұмысынсыз ол мүмкін емес.