16 February, 2021 - 15:32
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Кейінгі айларда бірқатар қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар қазынашылық органдар тарапынан жаппай қысымға ілікті. Кей ҮЕҰ-ға үлкен көлемде айыппұл салынса, кейбірінің қызметі үш айға тоқтатылды. Оларға шетелдік қаржыландыру есебін нақты емес немесе уақытылы хабарламай, салық заңнамасын бұзды деген айып тағылды.
Айта кеткен жөн, айтылған «бұзушылық» салдарынан бюджетке ешқандай шығын келген жоқ және ешкімге зардабы тиген жоқ. Оған қоса, бұл есептіліктің қайталануы, яғни ҮЕҰ мемлекеттік органдарға түскен кез келген қаражат туралы, оның ішінде шетелдік қаржы көздері туралы да ақпаратты айтуы керек.
Бұл жағдай қоғам мен БАҚ-та дау тудырғаннан кейін қазақстандық және халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер жоғарыда айтылған ҮЕҰ-ға қолдау көрсетті. Олар азаматтық қоғам өкілдеріне қатысты репрессияны сынап, санкцияны тоқтатып, заңнаманы халықаралық стандарттарға жетілдіруге және сәйкестендіруге шақырды.
ҮЕҰ-ға қатысты санкция тоқтатылғанына қарамастан, біз, қазіргі заңнамаға алаңдап отырмыз. Мұндай қудалауға саяси уәж, жоғарыдағы ҮЕҰ-дың белсенді азаматтық ұстанымы мен сайлауалды кезең себеп болғанына сенімдіміз. Бұлай ойлауымызға іс кезіндегі көптеген тәртіп бұзушылық пен тексеруші органдардың теріс түсінігі себеп болды.
Бұл жағдай Қазақстандағы азаматтық сектордың қызметі қаншалықты әлсіз екенін көрсетті. Қазіргі заңнама қоғам мен мемлекетке ешқандай қауіп төндірмейтін жалған бұзушылықтар үшін ҮЕҰ-дың жұмысына тұсау сала алады.
2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауыңызда Сіз «елді дамыту негіздерінің бірі - азаматтық қоғамды дамыту» деп айтқан едіңіз. Осыған байланысты 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту концепциясы жасалды, оны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырып жатыр. Концепцияның негізгі бағыттарының бірі ҮЕҰ мен басқа да азаматтық қоғам институттарына қолайлы заңнама жасау болуы керек еді.
Мықты азаматтық қоғам – озық, транспарентті, демократиялық, жемқорлықтан ада мемлекетті дамытудың ажырамас бөлігі. ҮЕҰ-дың негізсіз қысымы Қазақстанның беделіне түзелмейтін нұқсан келтіріп, еліміздің халықаралық міндеттеріне қайшы келеді, Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларға қосылуына кедергі келтіреді (мәселен, Open Government Partnership). Сондай-ақ, қазіргі заңнама Қазақстанның беделін түсіреді, себебі, үкімет азаматтық қоғамды дамыту керектігін декларациялайды да, іс жүзінде қарама-қайшы әрекет етеді.
Азаматтық сектор ұйымдары қолданыстағы заңнама қайта қаралуы және өзгертілуі тиіс деп санайды, өйткені бейүкіметтік ұйымдар қызметін реттейтін нормалар тым артық, объективті түрде мүлдем сай келмейтін жазаларды қамтиды. Біз болашақта шетел қаржыландыратын белгілі бір ҮЕҰ-ды жазалау мақсатында заңнама тағы да пайдаланыла ма деп қауіптеніп отырмыз.
Сізді шетелдік қаржыландыруға (ӘҚБтК және Салық кодексі) қатысты нормаларды толығымен қайта қарап, оларды қазіргі заңнамадан алып тастауға шақырамыз. Сондай-ақ біз осы секілді басқа да заң нормалары азаматтық қоғамға саяси қысым көрсету үшін пайдаланылмағанын қалаймыз.