САЙЛАУ КЕЗІНДЕ БАҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
12 January, 2021 - 17:08
САЙЛАУ КЕЗІНДЕ БАҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Автор: Администратор
681

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевке

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовке

 

10 қаңтарда өткен Парламент және мәслихат сайлаулары қазақстандық заңдардың журналистер мен блогерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепіл болмайтынын көрсетті. Кәсіби борышын орындау барысында БАҚ өкілдері көп жағдайда кез келген жерде заң бұзушылықтарға, заңсыз талаптарға кезігіп, қысымға ұшырап жатады. Көп таралған заң бұзушылық – журналистерден заңсыз ПЦР-тест талап ету, фото және видео түсіруге тыйым салу, сайлау учаскелеріне кіруге шектеу, интернет-басылымдарға тыйым салу.
Келесі заң бұзушылықтар тіркелді:
Ковидке ПЦР-тестті заңсыз талап ету:
- Аян Қалмұрат, Азаттық радиосы, № 173 учаске, Алматы
- Сауле Саденова, www.orda.kz, № 379 учаске, Алматы
- Асылхан Мамашұлы, Азаттық радиосы, № 452, Алматы облысы
Фото және видео түсіруге тыйым салу:
- Жаңагүл Жүрсін, Азаттық радиосы, № 28 учаске, Ақтөбе (сайлау комиссиясы мүшелерін суретке/видеоға түсіруге тыйым салу)
- Дилара Иса, Азаттық радиосы, № 79 учаске, Шымкент (полиция қызметкері телефонын тартып алғысы келді)
- Альмира Алишбаева, «Диапазон»,
Заңды қызметіне кедергі келтіру:
- Георгий Говоров, «Наша газета», № 1 учаске, Қостанай (комиссия төрағасы орын жоқ екенін хабарлап, журналисті ғимаратқа кіргізуден бас тартты).
- Елена Кулакова, Азаттық, Қарағанды
Ақпараттық ресурстарды бұғаттау:
Жоғарыда аталған жайттарды мұқият назарға алып, журналистердің бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіруді, заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаларды жауапқа тартып, алдағы уақытта ұқсас жайттарға жол бермеу үшін дереу шара қолдануыңызды талап етеміз.

http://bit.ly/35xSQf2