24 November, 2020 - 13:19
Құқық бойынша медиатурдың екінші күнінде заңгер Ғабдул-Ғани Әбуталип "Жалпы медиа туралы заңнама: журналистердің құқықтары, диффамация, әлеуметтік желідегі адам құқықтарын бұзу" тақырыбы бойынша дәріс оқыды.
Медиатренер БАҚ өкілдерінің қызмет барысында қандай құқықтық кедергілерге тап болатындығы, оларды шешу жолдары, ақпарат алудағы нюанстар мен жауапкершілікке тартылмау амалдары, кибербуллинг туралы әңгіме қозғады.
Медиатурдың екінші күнінде тыңдаушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тренер толыққанды жауап берді. Қатысушыларды тәуелсіз журналистика, медиа заңнамадағы соңғы өзгерістер, журналистикадағы цензура секілді сұрақтар қызықтырды.
Сонымен бірге, бүгінгі дәрісті бекіту мақсатында тыңдаушылар шағын тест сынағын тапсырды.
Айта кетейік, медиатур 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында отандық және халықаралық медиа сарапшылар тарапынан 10-нан астам дәріс оқылып, шағын гранттар конкурсы ұйымдастырылады.
Құқықтық медиа орталықтың Құқық бойынша медиатур жобасы Қазақстандағы Германия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
#mediaturpopravu