«ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ АНЫҚТАМА» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ
23 October, 2018 - 10:02
«ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ АНЫҚТАМА» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ
Автор: Администратор
932

«ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ АНЫҚТАМА» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ


 Қазақстандағы Нидерланды Елшілігі және Кибершабуылдар сараптама және зерттеу орталығымен (ЦАРКА) бірлесе жасалған жаңа жобамыздың тұсауы кесілгенін қуана хабарлаймыз!


 Жоба журналистердің, блогерлердің, интернет қолданушылардың, провайдерлер мен интернет-ресурс иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық және цифрлық қауіпсіздікті күшейтуге, мемлекеттік органдар, бизнес, масс-медиа және үкіметтік емес секторы арасындағы қоғамдық диалогты белсенді етуге бағытталған.


 Жоба қорытындысы бойынша мобильді қосымша әзірленді:


 - журналистер мен блогерлерге арналған мобильді қосымша (журналистердің жұмысын реттейтін құқықтық нормалар, механизмдер мен құралдардың жиынтығы бар, онлайн және т.б. кеңес беретін, ақпараттарды, заң мәтіндерін жедел тауып беретін, арыз-шағым жөнелтуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша)


 - тәуелсіз басылымдар мен журналистерге арналған киберқорғау қызметі (тәуелсіз БАҚ сайттарының қорғалу жөніндегі аудиті, әлсіз тұстарын табу және жою бойынша техникалық және консультативтік қолдау таныту, шабуыл жасалғанда шұғыл желі, бұғатталғанда көмек көрсету, т.б.)


 - сайттарды бұғаттау процедуралары бойынша провайдерлерге арналған нұсқаулық (сайт бұғатталғанда не істеу керек, кімге хабарласу керек).


 Бұл жоба Қазақстандағы цифрлық құқықтарға қатысты жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деп сенеміз. Сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге, ұсыныстар мен идеяларыңызды тыңдауға дайынбыз!