БУРАБАЙДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
3 августа, 2021 - 09:09
БУРАБАЙДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
Автор: Администратор
481
2021 жылдың 30 шілде және 05 тамыз аралығында Бурабайда "Қазақстандағы журналистика факультеттері оқытушыларына "Журналистік зерттеу" курсын оқытудың интерактивті әдістері" атты тренинг өтуде. Аталмыш шара барысында оқытушылар қазақстандық жоғары оқу орындарының журналистика мамандығы үшін журналистік зерттеу пәні курсын құру үстінде.
Шараны ұйымдастырушы - "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қоры. Тренерлер ретінде медиатренер және тергеуші Олег Хоменок (Украина) шақырылды. «Журналистік зерттеу» оқыту бойынша халықаралық сарапшылармен онлайн режимінде кездесулер жоспарлануда: Эндрю Лерен, Марк Ли Хантер, Джефф Левенштейн, Марк Хорвит және Брант Хьюстон. Барлық жаттықтырушылардың журналистік зерттеу жүргізуде мол тәжірибесі бар.
Құқықтық медиа-орталықтың балалар журналистикасы мен медиа құқық бойынша модульдер жасау тәжірибесі бар. Құқықтық медиа-орталықтың директоры Диана Окремованың айтуынша, тренинг журналистика оқытушыларымен жоспарлы жұмыстың нәтижесі болды: "Біз тәжірибелі-журналистерді көптен бері оқытып келеміз. Біз жаңа бастаған журналистерге ресурстар мен білім беруге көңіл бөлу керек деп шешіп, біз келесі базаны студент-журналистерді сапалы оқытатын оқытушыларға береміз".
 
 
Тренинг тыңдаушылары Алматы, Нұр-Cұлтан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Семей және Өскеменнің журналистика пәнінің мұғалімдері болды. Бірінші күні тренингке қатысушылар "Журналистік зерттеу" курсының құрылымын құру бойынша күтетін нәтижелерімен бөлісті: оқу кеңістігін ұйымдастыру, пәнді мазмұнды толтыру, студенттердің жетістіктерін бағалау, нақты кейстерді талдау және материалды ұсыну әдістері. Сұлтанбаева Гулмира (Алматы қ.) «Журналистік зерттеуді» оқытудың интерактивті әдістерін үйрену  заман талабы.  Тренинг бағдарламасы интенсивті модульдардан тұрады.  Эндрю Лерен,  Марк Ли Хантер сияқты  шетелдік ғалым-дәріскерлердің  оқу кейстерімен таныстыру жақсы әрі тиімді.  Олег Хоменок айғақтама журналистиканың жарқын өкілі ретінде  өзінің практикасы, білімі және біліктілігімен бөлісті. Тренинг нәтижесінде Қазақстан универсиеттерінде журналистік зерттеуді оқыту қолданбалы ресурстары ұсынылды» деп тренинг жайлы пікірімен бөлісті.
Тренинг барысында қатысушылар журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктерін, журналистік зерттеу жұмысындағы құқықтық және құқықтық емес рисктарды қарастырады. Тыңдаушылар курс құрылымы, оның құрылу логикасы мен мазмұндық мазмұны, пән бойынша студенттік жұмыстарды бағалау ерекшеліктері туралы түсінік алады. Жұмыс барысында оқытушылар курстың оқу модульдерін өздері әзірлеп, таныстырады және "Журналистік зерттеу" оқу бағдарламасының өз нұсқасын құрастырады.
Тренинг 30 шілде мен 5 тамыз аралығында Бурабайда өтеді.
 
 
Бұл жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегінің арқасында мүмкін болды және USAID қаржылық қолдауымен Internews іске асыратын "MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы" шеңберінде әзірленді.
 
Нұргүл Ахметова, Марал Айтмагамбетова, Татьяна Галкина