АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА !
15 августа, 2019 - 11:21
АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА !
Автор: Администратор
367

Ақпаратқа қол жеткізу – журналист жұмысындағы «сезімтал» тақырыптардың бірі. Сарапшылардың мәліметінше, осы саладағы мәселелермен іс жүзінде барлық БАҚ өкілдері жолығады.
Қазақстанда бірнеше жыл бұрын ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қабылданды, сәл кейінірек БАҚ туралы заңға өзгертулер енгізілді. Ақпарат алу мерзімі мен процедурасы өзгерді, сонымен бірге, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құзырлы институты пайда болды.

Алайда, кезекті жаңашылдықтар қабылданғанымен не өзгерді? Мемлекеттік органдар бұрынғыға қарағанда ашық бола түсті ме, әлде керісінше, ақпарат алу қиындай түсті ме?
Осы жағдайды білу және ақпарат министрлігіне объективті ұсыныс дайындау мақсатында «Құқықтық медиа орталық» ҚҚ Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен журналистер мен блогерлер арасында сауалнама жүргізеді. Біздің сауалнама небары 2-3 минут уақытыңызды алады, ал сіздің жауабыңыз Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізуге қатысты жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

https://forms.gle/ppPrXcmSPqSZ84j68