Осы аптаның бейсенбісінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» заң жобасын Мәжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдап жіберді. Бірінші оқылымда мақұлданғанымен, журналистер әлі күнге дейін заң жобасының толық нұсқасын ала алмай отырғанын айтады. Талқыланғанына көп болған құжатқа журналистер енді қандай ұсыныстары мен түзетулері енгізілгенін білмей отыр. Кеше осы тақырыпқа байланысты заң жобасына байланысты позициясын әуелден білдіріп жүрген медиасарапшылар онлайн бас қосып, ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.