Еліміздің бас қаласында «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығы Еуразия қорының қолдауымен «Азаматтық журналистердің азаматтық белсенділігін арттыру» жобасы аясында азаматтық журналистер мен белсенділерге арналған жазғы мектепке қатысудың сәті түсті. Сан түрлі өңірдің белсенділерінің басы қосылған тренингтің алғашқы күні журналист, білікті тренер Айнұр Коскинаның «Эдвокаси негіздері» тақырыбында сабағына қатыстық. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қалай көтеру керек, эдвокаси кампанияларға БАҚ назарын қалай аудару керек және де басқа да табысты эдвокаси кампанияларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Әр қатысушыға өздерін жеке-жеке таныстырудың сәті түсіп, әр өңірге тән басты мәселелер туралы айтылып, талқыланды.