ЖУРНАЛИСТІҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ
23 июля, 2025 - 12:27
ЖУРНАЛИСТІҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ
Автор: Администратор
309

“Журналистің кәсіби этикасы” оқыту-әдістемелік құралы журналистика факультетінің оқытушыларына арналған. Материалдар “Журналистика” білім беру бағдарламасы студенттерінің этикалық қағидаттар мен кәсіби ұстанымдарды кешенді түсінуін қалыптастыруға бағытталған.

Құралда қақтығыстарды жариялау, халықтың осал топтарымен жұмыс істеу сияқты этикалық мәселелер қарастырылады, кәсіби жағдайлардағы этикалық мінез-құлықтың қыр-сыры ашылады. Сонымен қатар, журналистің автономия, моральдық жауапкершілік пен күрделі этикалық дилеммалар сияқты ішкі қақтығыстары да қарастырылады.

Оқу құралы дәріс тезистері, практикалық және зертханалық тапсырмаларды қамтиды. Авторлар қазақстандық және халықаралық тәжірибеден алынған кейстер, интерактивті тапсырмалар, киноматографикалық зертханалар ұсынады. Материалдар оқыту форматына сәйкес бейімделіп қолданылуы мүмкін.