«АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» ЖУРНАЛИСТЕРІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІН СОТҚА БЕРМЕК
11 июля, 2025 - 11:55
«АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» ЖУРНАЛИСТЕРІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІН СОТҚА БЕРМЕК
Автор: Администратор
37

Сыртқы істер министрлігі «Азаттық радиосында» жұмыс істейтін 7 журналиске аккредитация бермеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазір басылым сот ісіне дайындалып жатыр. Редакция министрліктің аккредитация бас тартуы 1 жыл бұрын қабылданған жаңа ережелерімен байланысты деп санайды. Ал Media Qoldau медиа орталығы «Азаттық» басылымы елімізде ресми аккредитациядан өткенін, министрлік бас тартудың нақты себептерін атамағанын айтты.

 

«Жауапты созып жүрулерінің себебін айтпай, СІМ журналистердің конституциялық құқықтарын шектеді», – деп жазды Media Qoldau заң қызметінің басшысы Гүлмира Біржанова өзінің әлеуметтік желісінде.

Заңгерлердің айтуынша, СІМ әрекеті ҚР Конституциясының 20-бабын бұзып отыр. Онда пікір білдіру және ақпарат алу бостандығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, олар бейінді заңның 4-бабына сәйкес шетелдік БАҚ журналистері аккредитациясыз жұмыс істей алмайтынын да еске салды.

Еске сала кетейік, Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді.

 

Источник: Orda.kz