САУАЛНАМА: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӨЗ ЕРКІНДІГІ ЖӘНЕ МЕДИАҒА БЕРІЛЕТІН МҮМКІНДІКТЕР
13 ноября, 2024 - 14:20
САУАЛНАМА: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӨЗ ЕРКІНДІГІ ЖӘНЕ МЕДИАҒА БЕРІЛЕТІН МҮМКІНДІКТЕР
Автор: Администратор
177

Қазақстандағы Internews журналистерді, редакторларды, медиа менеджерлері мен өзге де БАҚ өкілдерін сауалнама өтуге шақырады. Сауалнама медиа заңнамасындағы, сот практикасындағы өзгерістерді, медиабизнес пен журналистер алдынан шығатын мүмкіндіктер мен сынақтарды БАҚ өкілдері қалай танып, қалай қабылдайтынын бағалауға арналған.

.

Internews сауалнама қорытындысын  MediaLawTalks  пікірталастар сериясын өткізуде сүйенетін факторлардың бірі есебінде қолданады. Пікірталастар анонсы сәл кейінірек жарияланады.

Сауалнама 12 сұрақтан тұрады әрі толық аноним өткізіледі, сондықтан, барынша нақты дерек алу үшін жауаптарыңыз барынша шынайы болсын деп өтінеміз. Назар аударыңыз! Жауап қабылдау 2024 жылғы 5 желтоқсанда, Астана уақытымен сағат 23:59 жабылады.

«Қазақстандағы сөз еркіндігі және медиаға берілетін мүмкіндіктер» сауалнамасы Еуропа Одағы қаржыландырып, Internews іске асырып жатқан «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасы аясында өтеді.

 

Источник: Internews.kz