4 июля, 2023 - 13:34
Бәріңе сәлем! Бүгін біз жаңа "MediaQoldau" құқықтық қызметі жұмысының алғашқы қорытындыларымен бөліскіміз келеді. Бұл қызмет Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Адам құқықтарын медиада ілгерілету» жобасы аясында құрылды.
"MediaQoldau" – тәуелсіз журналистердің, блогерлер мен азаматтық белсенділердің медиа және ақпараттық технологияларымен байланысты ең өзекті сұрақтарына қатысты кеңес беретін қызмет.
Біздің жұмыстың негізгі бағыттарының бірі ақпаратқа қол жеткізу, аккредиттеу, диффамация, БАҚ тіркеу және құру, авторлық құқық, бейнені қорғау және тағы басқа көптеген сұрақтар бойынша кеңес беру. Егер осы салалар бойынша сұрақтар немесе мәселелер туындаса, біз сізге сарапшылық көмек бере аламыз.
4 ай жұмыс барысында адамдарға күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмектесе отырып, 109 кеңес бердік.
Кеңестен бөлек, MediaQoldau сот істері және дауларды сотқа дейінгі реттеуге атсалысады. Медиа саласында кәсіби құқықтық көмекті қажет ететін күрделі жағдайлар туындайтынын түсінеміз. Біздің сарапшылар тобы сізді қолдауға және туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге дайын.
Құқықтық кеңес алу үшін:
Instagram: instagram.com/lmc.kz
Facebook: facebook.com/lmc.kz
Қоңырау үшін: + 7 7172 42 44 32
Бұл жазба Еуропалық Одақтың қолдауымен «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қорының «Қазақстанның еркін ақпараттық кеңістігі: БАҚ пен ҮЕҰ әлеуетін күшейту арқылы адам құқықтарын ілгерілету» жобасы аясында әзірленді. Жазбаның мазмұнына «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры жауапты және ол Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.