ТӘЖІКСТАН БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 2-ШІ КҮНІ
30 мая, 2023 - 23:19
ТӘЖІКСТАН БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 2-ШІ КҮНІ
Автор: Администратор
156
30 мамыр күні жалғасын тапқан іс – шара қатысушыларын мазмұнды бағдарлама күтіп тұрды.  
Қатысушыларға QOS-live интернет-басылымының журналисті Айнұр Қоскина « Коммуникациялық дағдарысты шешу: екі тарапты тыңдай білу және жағдайды дұрыс жеткізу» атты шеберлік сағатын өткізді. 
Шеберлік сағаттан кейін, баспасөз қызметінің өкілдері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты орталық коммуникацияға барды. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту басқармасының басшысы Бекзат Рахимовпен кездесті. 
Қызықты экскурсияларымызға келетін болсақ, қонақтарымыз бұл жолы «Қазмедиа орталығын» аралады. 
Қызыққа толы күннің қорытынды шарасы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына баруымен қатар, баспасөз хатшысы Лаура Жақыповамен кездесумен аяқталды. 
Қатысушыларды нәтижеге толы тағы екі күндік танымдық шара күтуде.
 
 
 
 
Акбота Казкенова