«ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА ОРТАЛЫҚ» БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРСЫ ІСТІ ЖЕҢДІ
5 апреля, 2021 - 17:10
«ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА ОРТАЛЫҚ» БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРСЫ ІСТІ ЖЕҢДІ
Автор: Администратор
570
 
 
БҰҰ комитеті «Правдивая газета» басылымын жабу жөніндегі сот шешімін заңсыз деп таныды.
Басылым 2013 жылы жарыққа шыға бастады, сол кезде шығыс деректері дұрыс жарияланбады деген желеумен айыппұл салынып, тиражы тәркіленді. Тамызда газет шығарылымы үш айға тоқтатылды. Содан бері уақытша тоқтатулар мен тәркілеулер тоқтамады.
 
2014 жылы сот үш рет әкімшілік норманы бұзғаны үшін басылымды жауып тастады. Бұдан кейінгі соттар, соның ішінде жоғарғы сот та бұл шешімді құптады.
2015 жылы бас редактор (марқұм болған) Розлана Таукина соттың шешімін заңсыз деп есептеп, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арызын жолдады. Халықаралық ұйымда оның мүддесін «Құқықтық медиа орталық» ҚҚ қорғады. 
«Сот шешімі бойынша алғашқы авторға салынған әкімшілік айыппұлдар, "Правдивая газетінің" тираждарын тәркілеу, оның шығарылымын уақытша тоқтату мен мүлдем доғару олардың баспадағы ақпарат пен идеяны тарату құқығын шектеу деген сөзді білдіреді. Бұл Пактінің 19 (3) бабына қайшы. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңындағы екіұшты және кең мағыналы тұжырымдаманы қолданғаннан кейін аталған шектеулерді заңды деп тану болмайтындығын, шектеулер Пактінің 19 (3) бабы бойынша заңдылықты көздемеді, жаза мөлшері құқықбұзушылыққа сай емес деген авторлардың пікірін комитет назарға алып отыр» деп БҰҰ комитеті шешім шығарды.
 
БҰҰ комитеті Қазақстанды келесідей әрекеттер жасауға шақырды:
а) авторларға пара-пар өтемақы, соның ішінде сот шығыны мен әкімшілік айыппұлдарды өтейтін өтемақы төлеу;
б) газет қызметін тоқтату және оны тіркеудің күшін жою туралы шешімді қайта қарау. Сондай-ақ мемлекет-қатысушы алдағы уақытта мұндай заңсыздықтарды болдырмау үшін қажетті барлық шараларды қабылдауы тиіс.
 
Қордың заңгері Гүлмира Біржанованың айтуынша, қазіргі сәтте бұл шешім орындалмаса да, мұндай құжаттар сөз бостандығы пайдасына заң мен тәжірибедегі айқын олқылықтарды көрсетеді және халықаралық міндеттемелердің орындалуына септігін тигізеді.