3 декабря, 2020 - 22:52
Құқық бойынша медиатурдың кезекті дәрісі медиадағы бейнеге қатысты болды. Спикер Бэлла Орынбетова қазақстандық ақпарат құралдарындағы суреттер төңірегінде біраз пайдалы дүниемен бөлісті.
Журналистердің қандай жағдайда рұқсат сұрамай суретке түсіруге болатыны, қай кезде арнайы рұқсат қажет екендігі сөз болды. Белла Орынбетованың заңнамаларға сүйеніп айтуынша, кейде тіпті мүлдем тыйым салынатын сәттер болады.
Тренер қазақстандық заңнамаларға, ондағы БАҚ өкілдеріне қатысты нормаларға егжей-тегжей тоқтап өтті. Елдегі бірқатар ақпарат құралдарындағы жайттарды мысалға алды. "Уральская неделя" апталығы мен Ratel.kz порталы, сонымен бірге, жеке блогерлер тарапынан болатын кейстер айтылды. Олардың құқықтық тұрғыда қалай реттелгені де сөз болды.
Айта кетейік, бүгінде Құқықтық медиа орталықтың бастамасымен Құқық бойынша медиатур өтіп жатыр. Осы аптада қорытындыланатын жобаның соңында белсенді қатысушылар арасында шағын гранттар байқауы жарияланады.
Жалпы жоғарыда сөз болып отырған жоба Қазақстандағы Германия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
#mediaturpopravu