КАК КАЗАХСТАНЦАМ ПОЛУЧИТЬ ДОСТУП К ДОСТОВЕРНОЙ ОФИЦИАЛЬНОЙ ИНФОРМАЦИИ
26 августа, 2020 - 15:23
КАК КАЗАХСТАНЦАМ ПОЛУЧИТЬ ДОСТУП К ДОСТОВЕРНОЙ ОФИЦИАЛЬНОЙ ИНФОРМАЦИИ
Автор: Администратор
907

Как казахстанцам получить доступ к достоверной официальной информации

Участники хакатона «Цифровое гражданство» с помощью своих технологических решений помогут организовать доступ к общественно значимой информации.

Казахстан, Алматы. 26 августа 2020 г. Казахстанцам нужен свободный доступ к официальной информации и медицинским услугам, а также качественная защита персональных данных. Именно эти вопросы стали основными темами второго этапа хакатона «Цифровое гражданство». Он стартует 26 августа 2020 года, призовой фонд - 20 000 000 тенге.

Сегодня казахстанцы все больше полагаются на цифровые решения в своей повседневной жизни. На онлайн-платформах можно легко проводить платежи, получать доступ к государственным услугам, использовать медиа продукты, обучаться и коммуницировать - они стали незаменимыми для абсолютного большинства казахстанцев. При этом в большом потоке информации каждый пользователь может столкнуться с онлайн-дезинформацией и киберпреступностью. Особенно риски увеличиваются в условиях пандемии COVID-19. В связи с необходимостью внезапного и вынужденного перевода в онлайн-среду своей привычной профессиональной и личной жизни, многие граждане оказались не подготовлены к тому, чтобы противостоять хорошо известным, но постоянно растущим проблемам, связанным с киберрисками и дезинформацией. Согласно данным Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК, за первые семь месяцев 2020 года в Казахстане зарегистрировано 7028 случаев онлайн-мошенничества, что в десять раз больше по сравнению с аналогичным периодом 2019 года (759 случаев). 

Гражданское общество в Казахстане все еще воспринимает цифровизацию прежде всего как «работу государства для самого себя» и не видит в ней приоритета интересов и комфорта граждан. Перед участниками хакатона стоит задача доказать обратное. Их проекты должны помочь людям повысить медиаграмотность. Приоритет в отборе заявок будет отдаваться решениям по прозрачности работы государственных органов, их бюджета, официальной статистики, а также прозрачности распределения гуманитарной помощи. Актуальны также вопросы доступа к информации о наличии лекарственных препаратов в аптеках, к официальным протоколам лечения, информации о волонтерских организациях и их деятельности, информации о наличии и местонахождении общественных стационаров. Участники проекта должны ответить на вопрос: «Как мы можем помочь казахстанцам чувствовать себя более безопасно в Интернете?»

Принять участие в конкурсе могут молодые люди от 18 лет. Для этого необходимо собрать команду, выбрать направление, оформить свою идею в заявку и заполнить форму https://docs.google.com/forms/d/1PzJBSB_pfG9CrM-oYlloZzdXHaJprV3QmUcyx8ray4s/edit до 18 сентября. 30 лучших проектов будут отобраны в полуфинал, а их авторы примут участие в акселерации с участием компетентных менторов. В финальный BootCamp пройдут 10 команд. 16 октября будут отобраны лучшие идеи, на реализацию которых направят 20 млн тенге. Календарь конкурса и все обновления можно найти на официальных аккаунтах проекта: https://www.facebook.com/dzt.citizenship/?modal=admin_todo_tour

https://www.instagram.com/ts.citizen/

Проект организован Центром анализа и расследований кибератак (ЦАРКА), Молодежной информационной службой Казахстана (МИСК) при поддержке Фонда Сорос-Казахстан, канадского фонда SecDev Foundation и «Лаборатория Касперского».

Наши партнеры: онлайн-издание для активной молодежи 18+idea.kz, интернет-издание для деловых людей Mybussiness.kz, Ресурс о технологиях Bluescreen.kz,  сайт про IT и стартапы the-tech.kz, площадка для обмена идеями Impact Hub Almaty и Правовой медиацентр.

За дополнительной информацией обращайтесь на: info@digitalcitizenship.kz, +77029114136

 

 

Қазақстандықтар  шынайы ресми ақпаратқа қалай қол жеткізе алады

 

«Цифрлы азаматтық» хакатонына қатысушылар өздерінің технологиялық шешімдерінің көмегімен қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыруға көмектеседі.

 

Қазақстан, Алматы. 26 тамыз 2020 жыл. Қазақстандықтарға ресми ақпаратқа және медициналық қызметтерге еркін қолжетімділік, сондай-ақ дербес деректердің сапалы түрде қорғалғаны қажет. Дәл осы мәселелер «Цифрлы азаматтық» хакатонының екінші кезеңінің негізгі тақырыбына айналды. Ол 2020 жылғы 26 тамызда басталады, жүлде қоры - 20 000 000 теңге.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың күнделікті өмірінде цифрлық шешімдерге арқа сүйею артып барады. Онлайн-платформаларда төлемдерді оңай жасап, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге, медиа өнімдерді пайдалануға, оқып-үйренуге және өзара қарым-қатынас жасауға болады - олар қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін таптырмас дүниеге айналды. Бұл ретте ауқымды ақпарат ағынында әрбір пайдаланушы онлайн-жалған ақпарат пен киберқылмысқа тап келуі мүмкін. Әсіресе COVID-19 пандемиясы жағдайында қауіптер арта түседі. Өзінің қалыпты кәсіби және жеке өмірінің онлайн-ортасына күтпеген жерден және мәжбүрлі түрде өтуі қажеттілігіне байланысты, көптеген азаматтар бәріне белгілі, алайда үнемі артып келе жатқан киберқауіптермен және жалған ақпаратпен байланысты проблемаларға қарсы тұруға дайын болмай шықты. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, 2020 жылдың алғашқы жеті айы ішінде Қазақстанда 7028 онлайн-алаяқтық жағдайы тіркелді, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен (759 жағдай) салыстырғанда он есе көп.

Қазақстандағы азаматтық қоғам цифрландыру жағдайын ең алдымен «мемлекет өзі үшін жасап жатқан жұмыс» ретінде қабылдайды және одан азаматтардың жайлылығы мен мүдделерінің басымдығын аңғармайды. Хакатонға қатысушылардың алдында тұрған міндет – олай еместігін дәлелдеу. Олардың жасаған жобалары адамдарға медиасауаттылығын арттыруға көмектесуі тиіс. Өтінімдерді іріктеуде мемлекеттік органдар жұмысының, олардың бюджетінің, ресми статистикасының айқындығы, сондай-ақ гуманитарлық көмекті бөлудің ашықтығы жөніндегі шешімдерге басымдылық берілетін болады. Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар болуы туралы ақпаратқа, емдеудің ресми хаттамаларына, еріктілер ұйымдары мен олардың қызметі туралы ақпаратқа, қоғамдық стационарлардың болуы мен орналасқан жері туралы ақпаратқа қолжетімділік мәселелері де өзекті. Жобаға қатысушылар: «Біз қазақстандықтардың Интернетте өзін әлдеқайда қауіпсіз сезінуіне қалай көмектесе аламыз?» деген сұраққа жауап берулері тиіс.

Байқауға 18 жастан асқан жастар қатыса алады. Ол үшін команда жинап, бағытты таңдау, өз идеясын өтінімге рәсімдеп, 18 қыркүйекке дейін https://docs.google.com/forms/d/1PzJBSB_pfG9CrM-oYlloZzdXHaJprV3QmUcyx8r... нысанды толтыру қажет. Үздік 30 жоба жартылай финалға іріктеліп алынады, ал олардың авторлары құзыретті менторлардың қатысуымен өтетін акселерацияға қатысады. Финалдық BootCamp-қа 10 команда өтеді. 16 қазан күні үздік идеялар іріктеліп алынып, олардың жүзеге асырылуына 20 млн теңге бөлінеді. Байқаудың күнтізбесі мен барлық жаңартуларды жобаның ресми аккаунттарынан: https://www.facebook.com/dzt.citizenship/?modal=admin_todo_tour

https://www.instagram.com/ts.citizen/ табуға болады.

Жобаны Кибер шабуылдарды талдау және тексеру орталығы (КШТТО), Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) Сорос-Қазақстан Қорының, канадалық SecDev Foundation қорының және «Касперский зертханасының» қолдауымен ұйымдастырды.

 

Біздің серіктестеріміз: белсенді жастарға арналған 18+idea.kz онлайн-басылымы, іскер адамдарға арналған Mybussiness.kz интернет-басылымы, технологиялар жайындағы  bluescreen.kz ресурсы, IT және стартаптар туралы the-tech.kz сайты, Impact Hub Almaty идеяларымен алмасу алаңы және Құқықтық медиа орталық.

 

Қосымша ақпарат алу үшін: info@digitalcitizenship.kz, +77029114136