Internews GLIMMER-2 бағдарламасы аясында қазақ тілінде сапалы медиаконтент өндіруге арналған шағын грант байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – қазақ аудиториясына бағытталған заманауи
— форматтағы медиа жобаларды қолдау:
— арнайы репортаждар мен лонгридтер
— әлеуметтік медиа жобалар
— веб-деректі фильмдер, веб-сериалдар
— мультимедиялы жобалар
— тергеу журналистикасы және т.б.
Кім қатыса алады:
Шығармашылық топтар, тәуелсіз контент өндірушілер, блогерлер мен журналистердің бейресми ұжымдары. (Ұжымда кемінде 2 адам болуы қажет).
Ең жоғарғы грант мөлшері: 3,5 млн теңгеге дейін
Ұзақтығы: 5 айға дейін
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 2 қыркүйегі, 18:00-ге дейін
Қолдау табатын жобалар саны: 8-ге дейін
Толығырақ ақпарат: https://kk.internews.kz/2025/08/19/kazakhsha-kontent-zhasau-a-arnal-an-grant-baj-auy-2/
Бұл бастама Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асады.